Жылдық есебі / 2024
ДАМУ ЭНЕРГИЯСЫ

pdf Қаз Рус Eng
Cover 1

04

Еңбек қауіпсіздігі

GRI 2-12, 2-13

БҰҰ ТДМ-ға қосқан үлесі

2024 жылға арналған негізгі көрсеткіштер

0

Еңбекке жарамдылықты жоғалту коэффициенті (LTIFR)

0

Өлімге әкелетін жазатайым оқиғалар коэффициенті (FAR)

0

Өрттер саны

0

Авариялар саны

0

Жол-көлік оқиғаларының саны

3,078

млрд теңге

Еңбек қорғауға жұмсалған шығындар көлемі

99,99987%

Жүйелердің жалпы қолжетімділік деңгейі (GA)

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі құжаттар

  • «KEGOC» АҚ 2023–2032 жылдарға арналған даму жоспары (Стратегиясы)
  • Тұрақты даму саласындағы басқару жүйесінің басшылығы
  • Еңбек қорғау саласындағы саясат
  • Сапа, экология, кәсіби қауіпсіздік және денсаулықты қорғау саласындағы мақсаттар
  • Қауіптер мен тәуекелдер тізілімі
  • Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесінің басшылығы
  • Кәсіби қауіпсіздік пен еңбек қорғауды басқару жүйесін жоспарлау стандарты
  • Мінез-құлық аудиті стандарты
  • Мердігер ұйымдар жұмыстары кезінде қауіпсіздікті басқару стандарты
  • Оқиғалар мен инциденттерді тергеу және еңбек қауіпсіздігі бойынша есептілік ұсыну ережелері
  • Биіктікте жұмыс жүргізу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі ережелері

GRI 2-24, 403-1, 403-8

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыскерлердің денсаулығын сақтау Компанияның сөзсіз басымдығы болып табылады. Компанияда қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, технологиялық операцияларды орындау кезінде жарақаттанушылықты азайту, жұмыскерлердің өндірістік және санитарлық-тұрмыстық еңбек жағдайларын жақсарту, сонымен қатар зиянды және қолайсыз факторлардың әсерін азайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.

Компанияда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нәтижелілікті қамтамасыз ету және көрсеткіштерді жақсарту, Компания қызметінің ерекшелігіне байланысты тиісті тәуекелдерді басқару мақсаты болып табылатын Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі әрекет етеді, ол Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелері мен ЕҰ-ға және оның мердігерлеріне қолданылады. Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесінің қолданылу саласы — электр энергетикасы саласындағы жүйелік оператор функцияларын орындау: электр энергиясын Ұлттық электр торабы арқылы беру, техникалық диспетчерлеу және электр энергиясын өндіру мен тұтыну теңгерімін ұйымдастыру бойынша көтерме нарық субъектілеріне жүйелік қызметтер көрсету.

ДСЕҚҚМЖ сәйкестігін растау мақсатында «KEGOC» АҚ 2023 жылы «MS CERTIFICATION SERVICES PRIVATE LIMITED» (Үндістан) тәуелсіз сертификаттау органының қатысуымен сертификаттық аудит өткізді, ал 2024 жылы қадағалау аудитінен өтті. Бұл аудиттер Компанияның менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін растады.

Жыл сайын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қажетті іс-шараларды, шығындарды және оларды орындау мерзімдерін айқындайтын бағдарлама қалыптастырылады. Компания ISO 45001:2018 халықаралық стандартына сәйкестік сертификатын табысты енгізді және өтті.

GRI 403-3

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыскерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүзеге асырылады. Компания жұмыскерлерінің өмірі мен денсаулығын еңбек қызметіне байланысты емес жазатайым оқиғалардан қосымша сақтандыру (аптасына 24 сағат/7 күн) және әлеуметтік жағдайды жақсарту мақсатында жұмыскерлерді сырқаттануына ерікті сақтандыру жүзеге асырылды.

Әрбір филиалда Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды жүргізу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауы және т.б. міндеттері болып табылатын Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік қызметтері құрылды.

GRI 403-2, 403-3, 403-4

«KEGOC» АҚ-да және филиалдарда жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдерінің тепе-тең негізде қатысуымен жұмыскерлер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жақсарту жөнінде диалог жүргізу үшін, жұмыс берушінің және жұмыскерлердің жұмыс орындарында қауіпсіз жұмыс жүргізуді және денсаулықты қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін біріктіру мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрылды, жұмыс орындарында еңбек жағдайларының, еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін тексеруге қатысатын техникалық инспекторлар тағайындалды. Барлық жұмыскерлер қауіпті жағдайлар немесе әрекеттер анықталған кезде жұмысты тоқтатуға міндетті және құқылы, және егер жұмыскерлер қауіпсіз емес деп санайтын жұмысты тоқтатса, басшылар толық қолдауға кепілдік береді.

Өндірістік кеңес тоқсанына кемінде бір рет жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту жөніндегі ұсыныстарын қарайды және жұмыс беруші мен жұмыскерлердің орындауы үшін міндетті іс-шараларды белгілейді.

Тәуекелдерді бағалау

GRI 403-2, 403-7, 403-10

Жыл сайын жұмыс орындары ұшырайтын тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау жүргізіледі, бағалау нәтижелері бойынша тәуекелдер тізілімі, денсаулық қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы елеулі тәуекелдердің тізбесі құралады, тәуекелдерді азайту жөніндегі іс-шаралар әзірленеді.

Тәуекелдер олардың пайда болу ықтималдығы мен оларды іске асырған жағдайда ықпалының ескерілуімен талданады, «KEGOC» АҚ қызметіне және стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жағымсыз әсер етуі мүмкін негізгі тәуекелдер айқындалады. Тәуекелдерді бағалау кезінде сапалық немесе сандық талдаулар немесе екеуінің үйлесімі пайдаланылады. «KEGOC» АҚ-ның барлық жұмыскерлері қауіпті және зиянды факторларды сәйкестендіруге, бағалауға және талдауға тартылады.

Қауіптер мен тәуекелдерді бағалау және талдау, сонымен қатар оларды басқару кәсіптік қауіпсіздік және денсаулықты қорғау менеджменті саласында мақсаттар қою және өндірістік-шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға және «KEGOC» АҚ жұмыскерлеріне әсер етудің қолайлы деңгейіне қол жеткізу үшін жүзеге асырылады.

Қауіптер мен тәуекелдерді бағалау және талдау нәтижелері мақсатты және жоспарлы көрсеткіштерді әзірлеу үшін кіріс деректері болып табылады. Қауіптер мен тәуекелдерді бағалау және талдау географиялық жер бедері мен климаттың ескерілуімен «KEGOC» АҚ-ның қызметіне қолданылатын қызмет түрлерінің, қауіптердің жіктеуіштері негізінде жүзеге асырылады және:

  • жіктеуіштер негізінде қауіптер мен тәуекелдерді сәйкестендіруді;
  • жергілікті жерде қолданыстағы басқару шараларымен тәуекелдерді бағалауды;
  • тәуекелдерді басқару бойынша барлық қажетті қосымша шараларды анықтауды;
  • тәуекелдерді басқару шаралары тәуекелді рұқсат етілген деңгейге дейін төмендету үшін жеткіліктігін-жеткілікті еместігін бағалауды қамтиды.

Құрылымдық бөлімшелердің жұмыс орындары ұшырайтын әсер ету факторларын сәйкестендіруді жүргізгеннен кейін FMEA әдісінің пайдаланылуымен тәуекелдер тізілімі толтырылады. Бағалау нәтижелері бойынша «KEGOC» АҚ-да кәсіби қауіпсіздік және денсаулық қорғау саласындағы елеулі тәуекелдердің тізбелері қалыптастырылады. Тәуекелдер деңгейін төмендету үшін жыл сайынғы бағдарламалар түрінде рәсімделетін қажетті іс-шаралар айқындалады.

Компания қызметі үшін негізгі тәуекелдердің бірі болып еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаның туындау қаупі табылады.

Осы тәуекелді барынша азайту мақсатында 2023 жылы келесі іс-шаралар өткізілді:

  • еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары білімін біліктілік тексерулері;
  • жедел ауыстырып қосу және жөндеу жұмыстарын жүргізу процесін бейнетіркеу материалдарын талдау;
  • Қауіпсіздік техникасы күндері;
  • ЖЭТ филиалдарындағы жұмыс орындарының кенеттен тексерістері;
  • жұмыс орнындағы жұмыстарды орындау кезіндегі Мінез-құлық қауіпсіздік аудиттері;
  • жерсеріктік бақылау жүйелері және бейнетіркегіштердің жазбаларын қарау және т.б. арқылы жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтауын бақылау.

Компания жұмыскерлері кемінде үш жылда бір рет еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша міндетті оқытудың барлық түрлерінен, электр энергетикасы саласындағы нормативтік актілердің білімін біліктілік тексерісінен өтіп тұрады. 2024 жылы «NEBOSH Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі халықаралық сертификат» және «Еңбек Қауіпсіздігінің Мәдениеті» халықаралық стандарты бойынша қосымша оқыту жүргізілді және «KIOSH 2024» еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференцияларға қатысу қамтамсыз етілді.

GRI 403-5

Жұмысқа жіберілмес бұрын жұмыскерлер даярлауға жауапты тұлғаның бақылауымен орындалатын жұмысты жүргізудің қауіпсіз әдістеріне оқытудан, жұмыс орнындағы тағылымдамадан, білімдерінің бастапқы біліктілік тексерісінен, бақылау жаттығуларынан, жұмыс орнында қосарланудан өтеді.

ЭЖЖ-нің өндірістік учаскелерінің персоналы арасында жұмыстарды қауіпсіз орындауға өкілеттігі бар тұлғалармен биіктіктен құлаудан жеке қорғанудың сақтандыру жүйесін пайдалану бойынша «Биіктіктен құлаудан жеке қорғанудың сақтандыру жүйесін пайдалану» тақырыбында оқыту өткізілді.

GRI 403-2, 403-3, 403-6, 403-10

Ауыр жұмыстармен, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерді міндетті ауысым алдындағы медициналық тексеру, жүргізушілерді сапар алдындағы және сапардан кейінгі медициналық тексеру жүргізіледі. Сонымен қатар, денсаулық жағдайын анықтау үшін өндірістік персоналды жыл сайынғы медициналық тексеру жүргізіледі, оны Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексіне сәйкес медициналық мекемелер медициналық қызметкердің құпияны, яғни дербес медициналық деректердің, денсаулық жағдайының, сырқат диагнозының немесе Компания жұмыскерін тексерген немесе емдеген кезде алынған басқа да деректердің құпиялылығын сақтауымен жүргізеді.

2024 жылы Компания жұмыскерлерінің, аутстаффинг қызметкерлері мен мердігер ұйымдардың жұмыскерлері кәсіби аурулары анықталған жоқ.

Жарақаттану

GRI 403-9, SASB IF-EU-320a.1

Жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру деңгейін бағалау үшін «KEGOC» АҚ-та «Lost Time Injury Frequency Rate» (LTIFR) коэффициенті немесе еңбекке қабілеттілікті уақытша жоғалтумен жарақаттанушылық коэффициенті, соның ішінде еңбек қызметіне байланысты ажалды оқиғалар жиілігінің коэффициенті (FAR) қолданылады. комбинация.

Әлемдік тәжірибеде LTIFR компаниялардың еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыс тиімділігінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Көрсеткіш Компаниядағы (Work Hours, WH) жұмыс істелген жұмыс уақытының жиынтық санына жатқызылған және 1 млн сағатқа нормаланған жұмыс уақытын жоғалту жағдайларының (LTI) санын көрсетеді.

2024 жылы LTIFR көрсеткіші 0-ге тең болды, жалпы жұмыспен қамтылған уақыт көлемі 7 990 086 адам-сағатты құрады (2023 жылы — 0,13; «Энергоинформ» АҚ-ны есепке алмағанда — 0,15).

Есепті кезеңде еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ.

«KEGOC» АҚ-ның жұмыскерлері арасындағы еңбекке жарамдылықты жоғалтуға әкелген жазатайым оқиғалар жиілігі («Энергоинформ» АҚ-ны есепке алмағанда)

GRI 403-2

Оқиғалар туындаған кезде Компания жұмыскерлері оқиғаларды, оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі есептілікті ұсыну процестерін регламенттейтін қағидаларды басшылыққа алады.

Компания қызметіне тән:

  • биіктіктен құлау;
  • электр жарақаты.

Мердігер ұйымдармен жұмыс

GRI 403-5, 403-7, 403-8, 403-9, EU18

«KEGOC» АҚ нысандарында мердігер және аутстаффингтік ұйымдар жұмыстарды орындаған кезде Компания олардың жұмыскерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауап береді. Жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша барлық шарттарға Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ Компанияның еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ішкі регламенттерін сақтау бойынша міндетті талаптар енгізілген.

Жұмыстарды бастамас бұрын мердігер өкілдерімен нұсқама жиындары ұйымдастырылады. Барлық мердігер ұйымдардың жұмыскерлері еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі бойынша кіріспе және мақсатты нұсқамадан өтеді. Компания нысандарындағы өзекті қауіпті және зиянды өндірістік факторларды түсіндірумен күнделікті мақсатты нұсқама өткізіледі. Сонымен қатар, мердігер ұйымдардың инженерлік-техникалық қызметкерлері үшін «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» курсы бойынша оқыту қарастырылған.

Жұмыстарды орындау барысында еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын ішкі бақылау жүзеге асырылады, оған қауіпсіздік бойынша мінез-құлық аудиттері (ҚМБА) және мердігерлердің осы саладағы қызметіне баға беру кіреді. Өндірістік нысандарда жұмысқа тартылған мердігер және аутстаффингтік ұйымдардың барлық жұмыскерлері «KEGOC» АҚ-тың денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесімен (ДСЕҚҚМЖ) 100% қамтылған.

2024 жылы Компания нысандарында еңбек қызметіне байланысты мердігер және аутстаффингтік ұйымдар жұмыскерлерінің арасында жазатайым және өлімге әкелетін оқиғалар тіркелген жоқ, жалпы жұмыс сағаты — 461 513.