Жылдық есебі / 2024
ДАМУ ЭНЕРГИЯСЫ

pdf Қаз Рус Eng
Cover 1

05

Корпоративтік этика

Корпоративтік этика — бұл біздің қызметкерлерді біріктіретін негізгі элемент.

Корпоративтік этиканың мақсаты біртұтас ұжым шеңберіндегі қызметкерлердің өзара қарым-қатынасын реттеу болып табылады және жалпы қабылданған адами құндылықтар негізінде қалыптастырылады:

  • құзыреттілік пен кәсібилік (Компания қызметкерлерінің сапалы білімі, жұмыс тәжірибесі, шешім қабылдау қабілеті, өзінің кәсіби деңгейін арттыруға ұмтылысының болуы);
  • адалдық пен риясыздық (ұйымның қызметіндегі оның іскери беделін сақтаудағы және жеке мүдделер мен кәсіби қызмет арасындағы қайшылықтарды болдырмаудағы маңызды аспект);
  • жауапкершілік біздің Компаниямыздың қызметінің сапасына кепілдік ретінде;
  • адамның жеке басын құрметтеу («KEGOC» АҚ-ның әрбір қызметкері нәсіліне, тіліне, саяси және діни пікірлеріне, жынысына, ұлтына және мәдени тегіне қарамастан, өзіне деген әділ және адал қөзқарасқа құқылы);
  • коммерциялық құпияны сақтауға деген ұмтылыспен және зиянсыз әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етумен сипатталатын қауіпсіздік.

Мінез-құлық кодексі

GRI 2-23,2-24

Мінез-құлық (Іскери этика) кодексі әр қызметкер өзінің күнделікті қызметінде ұстануы тиіс практикалық ережелер жиынтығы болып табылады. Компанияның барлық қызметкерлері, соның ішінде жоғары буын басшылары оны орындауға міндетті. Мінез-құлық кодексі корпоративтік этика және іскери мінез-құлықтың көпшілік қабылдаған нормалары мен корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін айқындайтын құжаттар негізінде әзірленген. Мінез-құлық кодексі Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінде, филиалдарында және еншілес ұйымдарында қолданылады. Компанияның барлық қызметкерлері, соның ішінде лауазымды тұлғалары Мінез-құлық кодексінің ережелерімен жүйелі түрде жұмысқа қабылданған кезде, оған өзгерістер енгізілген кезде таныстырылады.

Компанияда Директорлар кеңесіне есеп беретін Омбудсмен жұмыс істеу жалғастыруда. Қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың Мінез-құлық кодексін сақтауын қамтамасыз ету және оның ережелерін түсіндіру Омбудсмен міндеттерінің бірі болып табылады. Тәуелсіздік, бейтараптық және риясыздық, құпиялылық және бейресмилік Омбудсмен жұмысының негізгі қағидаттары болып табылады.

Компанияның еңбек ұжымындағы моральдық-психологиялық ахуалды және қызметкерлердің Мінез-құлық кодексінің (Іскери этика) нормалары мен талаптары туралы хабардарлығын бақылау мақсатында есепті жылы анонимді сауалнама ұйымдастырылды.

Қызметкерлер арасында жүргізілген сауалнама (сауалнама барлық филиалдардан 2100 -ден астам адамды немесе жұмыскерлердің 50%-дан астамын қамтыды) келесіні көрсетті:

  • қызметкерлердің моральдық-психологиялық ахуал туралы, жалпы ұжымдағы жағдай туралы пікірі (98%) жалпы алғанда оң, жұмыскерлер басшылықтың көмегі мен қолдауына сене алады, өзара сенім бар;
  • тікелей басшылар қарамағындағы қызметкерлермен қарым-қатынаста әділ, қысым көрсетілмейді;
  • қызметкерлердің жұмыс үшін маңызды шешімдер қабылдауға қатысу құқығы танылады, лауазымдық міндеттер шеңберінен шығатын тапсырмаларды орындау талаптары жоқ;
  • қызметкерлер қайшылықтар туындаған жағдайда қайда жүгінуге болатыны туралы хабардар етілген.

Еңбек қатынастары мен адам құқықтарын сақтау саласында жақсартуды қажет ететін бағыттар анықталғаннан кейін, 2024 жылы Омбудсмен тиісті жоспар әзірлеп, жүзеге асырды. Осы жоспарға сәйкес мынадай іс-шаралар өткізілді:

  • Омбудсмен 9 филиалға және олардың аумақтық бөлімшелеріне барды.
  • Филиалдардың ұжымымен кездесулер өткізілді, оның ішінде Оңтүстік ЖЭТ, Алматы ЖЭТ, АҚмола ЖЭТ, Орталық ЖЭТ, АҚтөбе ЖЭТ, Шығыс ЖЭТ, Сарбай ЖЭТ, Солтүстік ЖЭТ, Батыс ЖЭТ және «Энергоинформ» АҚ филиалдарының қосалқы станцияларында (ҚС).

GRI 2-16, 2-25

Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде «KEGOC» АҚ қызметкерлеріне этикалық нормалар мен мінез-құлық ережелерін сақтау қажеттілігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мінез-құлық кодексінің (іскерлік этика) мақсаттары мен міндеттері түсіндіріліп, байланыс арналары (Омбудсменнің, Персоналды басқару және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету департаментінің телефон нөмірлері, «KPMG Tax and Advisory» ЖШС тәуелсіз компаниясы қызмет көрсететін сенім желісі, «Nysana» Колл-орталығы) жеткізілді. Әлеуметтік-еңбек дауларын шешу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізіліп, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіндегі «Қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері» және «Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері» түсіндірілді. Сондай-ақ, ықтимал мүдделер қақтығыстарының алдын алу мен ескерту бойынша ішкі нормативтік құжаттар мен рәсімдер, атап айтқанда, «KEGOC» АҚ-ның мүдделер қақтығысын реттеу саясаты» түсіндірілді.

Аталған жұмыстар Компания қызметкерлері мен лауазымды тұлғалары арасында іскерлік этика кодексінде бекітілген жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сай корпоративтік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында жүргізілді. Сонымен қатар, жоғарыда аталған филиалдарға барған кезде еңбек жағдайларына қатысты жұмыс орындары мен қызметкерлерге арналған демалыс аймақтары тексерілді.

2024 жылы «KEGOC» АҚ жаңа қабылданған қызметкерлері үшін бейімделу курстары өткізілді. Курстар «KEGOC» АҚ-ның «Кадрлық әкімшілендіру қағидаларына» және Іскерлік этика кодексінің ережелеріне сәйкес ұйымдастырылды (43 қызметкер қамтылды). Бейімделу курсында келесі ішкі стандарттар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді:

  • Ашық ақпарат беру саясаты («Сенім желісі»);
  • Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты;
  • Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер арасындағы мүдделер қақтығысын реттеу саясаты.

Сондай-ақ 2024 жылы Омбудсмен:

  • «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығы ұйымдастырған «Адам құқықтарын сақтау кезінде тиісті ықтияттылық» тақырыбындағы корпоративтік омбудсмендерге арналған оқуға қатысты;
  • «Парасат» медиация және құқық орталығы ұйымдастырған адам құқықтары және оларды қорғау бойынша ішкі тренерлерді даярлау курсына қатысты;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ және оның еншілес ұйымдары үшін ұйымдастырылған «Бизнестегі қызметкерлердің құқықтарын сақтау» тақырыбындағы оқуға қатысты.

Омбудсменнің өтініштерді қарау тәртібі «KEGOC» АҚ Омбудсмені туралы ережемен реттеледі. Осы ережеге сәйкес, Омбудсмен белгіленген тәртіппен қызметкерлерден, лауазымды тұлғалардан, Ішкі аудит қызметі мен комплаенс қызметінің басшыларынан өтініштерді қарауға қажетті ақпарат, материалдар мен түсіндірмелерді сұратып, ала алады. Өтінішті қабылдаған соң 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш иесіне өзінің құқықтарын қорғау және/немесе мінез-құлық нормаларына қайшы әрекеттерді/шешімдерді жою тәсілдері мен құралдары туралы түсіндіру жүргізеді. Сонымен қатар, өтінішті қарау құзыретіне кіретін Компанияның тиісті органдарына жолдауға міндетті.

GRI 2-26

2024 жылы «KEGOC» АҚ Омбудсменіне 8 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 3 өтініш — «Nysana» Колл-орталығы арқылы, 2-еуі — ұжымдық өтініш, қалғандары — филиалдарға бару кезінде жеке қабылдауда айтылды.

8 өтініштің ішінде 4-еуі — Мінез-құлық кодексін сақтамауға, 2-еуі — адам құқықтарына қатысты, ал 2-еуі — басқа сипаттағы өтініштер.

Әр өтініш бойынша мұқият тергеу жүргізіліп, нәтижелері өтініш иелеріне жеткізілді. Адам құқықтарының бұзылуы туралы өтініштер расталмады. 2024 жылы Компания қызметкерлері тарапынан еңбек заңнамасы талаптарының бұзылуына байланысты сотқа талап қою фактілері тіркелген жоқ.

Омбудсмен барлық өтініштер және қабылданған шаралар туралы тоқсан сайын Компанияның Директорлар кеңесіне есеп беріп отырады.

Адам құқықтарының сақтау

GRI 2-23, 2-24

«KEGOC» АҚ халықаралық деңгейде жарияланған және Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген адам құқықтарын қорғайды және құрметтейді, сондай-ақ барлық қызметкерлер үшін тең еңбек жағдайларын жасау тәжірибесін жалғастырып келеді, жынысы, тілі, нәсілі, азаматтығы, дініне көзқарасы, гендерлік сәйкестілігі және басқа да белгілері бойынша кез келген қысым көрсету немесе кемсіту нысандарын болдырмайды. «KEGOC» АҚ өз қызметінде балалар мен мәжбүрлі еңбекті қолданбайды.

Компаниядағы адам құқықтарының сақталуына қатысты мәселелерді басқару үшін жауапкершілік Омбудсмен мен Комплаенс қызметіне жүктелген.

2024 жылы «KEGOC» АҚ адам құқықтары саласындағы корпоративтік жауапкершілікті күшейту және қызметін адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестікке келтіру мақсатында Адам құқықтары саласындағы Саясатты әзірлеу жұмысын жүргізді. Бұл Саясат 2025 жылғы 31 наурызда (31.03.2025) Компания Басқармасының шешімімен ресми түрде бекітілді.

«KEGOC» АҚ-тың адам құқықтары саласындағы Саясатының негізгі мақсаты — адам құқықтарын сақтау және адам құқықтары саласындағы жалпыға танылған стандарттарды, соның ішінде Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын, Бизнес пен адам құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның жетекшілік қағидаттарын, Халықаралық еңбек ұйымының қағидаттарын және т.б. сақтау.

Адам құқықтары саласындағы Саясаттың негізгі мақсатына сәйкес, «KEGOC» АҚ мынадай қағидаттарды сақтауға және ілгерілетуге, сондай-ақ олардың бұзылуына әкеп соғуы мүмкін кез келген әрекеттерге немесе практикаларға жол бермеуге міндеттенеді:

  • Адам саудасының кез келген түрлеріне, соның ішінде адамдарды пайдалану мақсатында жалдау, көшіру, жасыру немесе иеленуге жол бермейміз;
  • Жаза қолдану немесе өзге де мәжбүрлеу түрлері қаупімен орындалатын мәжбүрлі еңбекке жол бермейміз;
  • Заңмен белгіленген ең төменгі жұмысқа қабылдау жасына жетпеген тұлғалардың еңбегін пайдалануға жол бермейміз;
  • Қызметкерлердің бірігу бостандығына, соның ішінде кәсіподақтар құру және оларға мүше болу, сондай-ақ өз мүдделерін қорғау үшін ұжымдық шарттар жасау мен келіссөздер жүргізу құқығын құрметтейміз;
  • Жынысына, нәсіліне, ұлтына, жасына, дініне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, мүгедектігіне, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, азаматтығына немесе іскерлік қасиеттермен байланысты емес басқа да белгілерге байланысты кемсітушілікке жол бермейміз;
  • Еңбек құны тең болған жағдайда қандай да бір белгілер бойынша кемсітусіз тең АҚы төленуін қамтамасыз етеміз;
  • Еңбектің қауіпсіз жағдайларына, жеке өмірдің қол сұғылмаушылығына және дербес деректерді қорғауға деген құқықтарды қоса алғанда, басқа да адам құқықтарын құрметтейміз және сақтаймыз.

«KEGOC» АҚ-тың адам құқықтары саласындағы Саясатының әрекеті өндірістік қызметтің барлық аясында, соның ішінде филиалдары мен «Энергоинформ» АҚ еншілес ұйымының қызметін, сондай-ақ мердігерлер мен жеткізушілердің қызметін қамтиды.

«KEGOC» АҚ Басқармасы осы Адам құқықтары саласындағы Саясатты іске асыру, барлық ресурстарды тиімді пайдалану және оны Компанияның барлық бизнес-процестеріне интеграциялау үшін жауапкершілікті өз мойнына алады.

GRI 406-1

Есептік жылы Компания қызметкерлеріне қатысты кемсітушілік жағдайлары тіркелген жоқ.