Жылдық есебі / 2024
ДАМУ ЭНЕРГИЯСЫ

pdf Қаз Рус Eng
Cover 1

02

Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеп айқындайды. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті орган болып табылады. Электр энергетикасы саласындағы қадағалауды және бақылауды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті мемлекеттік органы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті мемлекеттік монополия саласына жататын қызметті (соның ішінде табиғи монополия субъектісі ретінде «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамының («KEGOC» АҚ) қызметін) бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Сала құрылымы

Қазақстан Республикасының БЭЖ-і — бұл электр станцияларының, ЭЖЖ және ҚС жиынтығы. Қазақстан Республикасының электр энергетикасына келесі секторлар кіреді:

  • электр энергиясын өндіру;
  • электр энергиясын жеткізу;
  • электр энергиясымен жабдықтау;
  • электр энергиясын тұтыну;
  • электр энергетикасы саласындағы басқа да қызмет.

Электр энергиясын өндіру секторы

672,2

МВт

2024 жылы іске қосылған жаңа генерациялық қуат

Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіруді әртүрлі меншік нысанындағы 223 электр станциясы жүзеге асырады. Қазақстанның электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 25 314,2 МВт-ты; қолда бар қуат 18 890,3 МВт-ты құрайды (ЖЭК-тің қолда бар қуат (КЭС, ЖелЭС, шағын ГЭС) электр қуатының болжамды теңгерімін жасау әдістемесіне сәйкес көрсетілген: су ағыны бойынша жұмыс істейтін бөгетсіз гидроэлектр станциялары — 30%; ЖелЭС — 20%; КЭС — қолда бар қуат 0%).

Қазақстан Республикасындағы электр энергиясын өндіру, МВт

Электр станциялары Белгіленген қуаты, МВт
Жылу электр станциялары жиыны: 19 740,8
Бу турбиналық, соның ішінде: 17 631,5
- көміртозаңды 13 592,0
- газбен және мазутпен 4 039,5
газтурбиналық 2 109,3
Жел электр станциялары 1 525,7
Күн электр станциялары 1 216,6
Гидроэлектр станциялары: 2 830,0
- соның ішінде шағын 295,2
Биогазды қондырғылар 1,1
ЖИЫНЫ 25 314,2

Аймақтар тұрғысынан алғанда электр станцияларының белгіленген қуаты, МВт

Батыс аймақ, МВт

Солтүстік аймақ, МВт

Оңтүстік аймақ, МВт

Аймақтар тұрғысынан алғанда электр станцияларының белгіленген қуаты, МВт

Ақтөбе облысы: 21,1
Хромтау ЖЭС «КЭЗ» ЖШС 12,5
Газ-поршеньді электр станциясы «Green Capital Kazakhstan» ЖШС 8,6
Алматы облысы: 3
Қарғалы СЭС«ЖЭС Толқын» ЖШС 3
Қақпақ СЭС «Қонаев и Компания» ЖШС 2,2
Атырау облысы: 14
Доссор ЖЭС, «Дивитэл» ЖШ 48
ТГТЭС-1 ТШО — №6.2 газ турбинасын демонтаждау -34
Шығыс Қазақстан облысы: -30
Риддер ЖЭО — №5 бу турбинасын демонтаждау -30
Жамбыл облысы: 20
Аралск КЭС, «AEC Asa» ЖШС 20
Жетісу облысы: 16,9
Жоғарғы Басқан ГЭС-2 «Baskan Power» ЖШС 10,6
Жоғарғы Басқан ГЭС-3 «Baskan Power» ЖШС 4,3
Қорғас СЭС, «Қазсушар» ШЖҚ РМК 2
Қарағанды облысы: 53,9
Гиперборея ЖЭС «Гиперборея» ЖШС 53,9
Қостанай облысы: 3
Арқалық ЖЭО — №2 бу турбинасын монтаждау 3
Павлодар облысы: 540
Екібастұз ГРЭС-1 — №1 энергия блогын монтаждау 540
Түркістан облысы: 30
Шаульдер ЖЭС «ПКОП» ЖШС 30
Ұлытау облысы: 0,34
КЭС «Barg» ЖШС 0,34

Электр энергиясын жеткізу секторы

Қазақстан Республикасының электр желілері — ҚС-ның, тарату құрылғыларының және оларды жалғаушы электр энергиясын жеткізуге және (немесе) таратуға арналған 0,4-1150 кВ кернеулі ЭЖЖ-нің жиынтығы. Қазақстан Республикасы БЭЖ-де жүйе құрайтын желі рөлін Қазақстан Республикасының өңірлері мен шектес мемлекеттердің (Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы) энергия жүйелері арасындағы электрлік байланысты, сонымен қатар электр станцияларының электр энергиясын жеткізуін және оны көтерме сауда тұтынушыларына жеткізуді қамтамасыз ететін ҰЭТ (Ұлттық электр торабы) атқарады. ҰЭТ құрамына кіретін кернеуі 220 кВ және одан жоғары ҚС, тарату құрылғылары, өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық ЭЖЖ және электр станцияларынан электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын ЭЖЖ «КЕGОС» АҚ-ның теңгерімінде болып табылады.

Өңірлік деңгейдегі электр желілері өңірлердің ішіндегі электрлік байланысты, сонымен қатар электр энергиясын бөлшек сауда тұтынушыларына жеткізілуін қамтамасыз етеді және өңірлік электр желілік компаниялардың теңгерімінде болып табылады.

Энергия жеткізуші ұйымдар электр энергиясын меншік немесе пайдаланатын (жалға алу, лизинг, сенімгерлікпен басқару және пайдаланудың басқа түрлері) электр желілері арқылы көтерме және бөлшек сауда нарығының тұтынушыларына немесе энергиямен жабдықтайтын ұйымдарға шарттар негізінде жеткізуді жүзеге асырады.

Электр энергиясымен жабдықтау секторы

Қазақстан Республикасы электр энергиясының нарығын электрмен жабдықтау секторы электр энергиясын энергия өндіруші ұйымдардан немесе орталықтандырылған сауда-саттықтан сатып алуды және оны бұдан әрі соңғы бөлшек сауда тұтынушыларына сатуды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтау ұйымдарынан тұрады.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап электр энергиясымен жабдықтау функцияларын өңірлік электр желілік компаниялар жүзеге асырады.

Электр энергиясының көтерме нарығы

Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері:

  • Энергия өндіруші ұйымдар;
  • Электр энергиясын таратушы ұйымдар;
  • Тәуліктік орташа (базалық) қуат мөлшері кемінде 1 МВт болатын көлемде көтерме нарықта электр энергиясын сатып алатын тұтынушылар, соның ішінде цифрлық майнерлер мен аралас топтардың әкімшілері;
  • Функцияларын «KEGOC» АҚ орындайтын жүйелік оператор;
  • Функцияларын «КОРЭМ» АҚ атқаратын электр энергиясы мен қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының операторы;
  • Бірыңғай сатып алушы («ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС).

Электр энергиясының көтерме нарығының субъектілерінің тізбесін жүйелік оператор қалыптастырады.

Қолданыстағы нарық үлгісіне сәйкес, электр энергиясының бірыңғай сатып алушысы электр өндіруші ұйымдардан электр энергиясын орталықтандырылған түрде сатып алып, оны тәуліктік кестеге енгізілген жоспарлы электр энергиясы ретінде көтерме тұтынушыларға сатады. Қазақстанның БЭЖ-дегі (Біртұтас электр энергетикалық жүйесі) дисбаланстарды (тәуліктік графиктен ауытқуларды) қаржылық реттеу теңгерімдеуші нарықта жүзеге асырылады, онда оператор ретінде теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы қызмет атқарады.

Бұл үлгі шеңберінде электр энергиясының жеткізу маршрутын өндірушіден тұтынушыға дейін нақты анықтауға техникалық мүмкіндік болмағандықтан және «адрестілік» болмаған жағдайда, «Электр энергетикасы туралы» Заңға сәйкес, жүйелік оператор арқылы көтерме нарық субъектілеріне көрсетілетін жаңа қызмет түрі — ҰЭТ-ты пайдалану қызметі енгізілді. Бұл қызмет бірыңғай сатып алушыдан және теңгерімдеуші нарықтан электр энергиясын сатып алу және сату кезінде көрсетіледі.

Нарықтың жаңа үлгісі аясында «KEGOC» АҚ электр энергиясының көтерме нарығындағы басты рөлдердің бірін атқара отырып, келесі негізгі функцияларды орындайды:

  • жүйелік қызметтер көрсетеді;
  • көтерме нарықтың жұмыс істеуінің негізгі құралы және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын басқару құралы болып табылатын жаңғыртылған бағдарламалық-аӨПараттық кешеннің (БАК) иесі болып табылады;
  • нарық субъектілерінің бағалық өтінімдерін рейтингтік тізім бойынша пайдалану арқылы, сондай-ақ Ресей Федерациясымен және Орталық Азия елдерімен жасалған келісімдер шеңберінде ауытқуларды реттеу бойынша физикалық дисбаланстарды реттеуді жүзеге асырады.