Корпоративтік басқару

05
«KEGOC» АҚ басқару құрылымы
«KEGOC» АҚ-тың Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес, корпоративтік басқару қағидаттары мыналар болып табылады:
- органдар арасындағы міндеттерді нақты бөлуге негізделген тиімді корпоративтік басқару жүйесі;
- акционерлердің құқықтарын қорғау және сақтауды қамтамасыз ету;
- акционерлер үшін тең жағдайлар;
- тұрақты даму және мүдделі тараптарды корпоративтік басқарудағы рөлі;
- ақпаратты ашу және айқындық;
- «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасының тиімділігі корпоративтік басқару қағидаттары болып табылады.
«KEGOC» АҚ-ның басқару құрылымы
GRI 2-9

Акционерлік капитал
GRI 2-1
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша Компанияның жарияланған және орналастырылған жай акцияларының саны — 275 294 118 дана, соның ішінде:
- «Самұрық-Қазына» АҚ тұлғасындағы ірі акционерге 234 000 001 акция (85%) тиесілі;
- 18 924 407 акция (6,88%) «БЖЗҚ» АҚ-ға тиесілі;
- 22 368 320 акция (8,12%) миноритарлық акционерлерге тиесілі2;
- қалған 1 390 дана акцияны (0,0005%) «KEGOC» АҚ сатып алған.
2 Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген Компанияның лауазымды тұлғаларына (Директорлар кеңесінің Төрағасы мен мүшелері, Басқарма мүшелері) Компанияның акцияларына иелік етуге тыйым салынады (https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=33478302&pos=60;-50#pos=60;-50).
2024 жылы бойы акциялар мен Компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан да көп пайызына иелік ететін акционерлер бойынша айтарлықтай мәмілелер мен өзгерістер орын алған жоқ.
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша «KEGOC» АҚ акционерлерінің құрылымы

«KEGOC» АҚ акцияларының 2024 жылғы құны*, теңге

«KEGOC» АҚ акциялары сауда көлемінің 2024 жылғы динамикасы*, млн теңге

* Дереккөз — KASE (kase.kz).