Корпоративтік басқару

05
Мүдделер қайшылығы
GRI 2-15
«KEGOC» АҚ Іскери этика кодексіне және Мүдделер қайшылығын реттеу саясатына сәйкес, жұмыскердің, лауазымды тұлғаның және Компанияның жеке мүдделері арасында қайшылықтардың болмауы, ал мұндай қайшылықтар болған жағдайда — оларды дер кезінде анықтап реттеу жұмыскердің өзінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындауының қажетті шарттарының бірі болып табылады. KEGOC» АҚ-ның барлық жұмыскерлері мен лауазымды тұлғалары өздерін өздеріне де (немесе өздеріне байланысты тұлғаларға да), басқаларға да қатысты мүдделер қайшылығы туындауы мүмкін жағдайға жол бермейтіндей ұстаулары тиіс.
Компанияның лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері 2024 жылы мүдделер қайшылығына жол берген жоқ:
- жеке қызығушылық олардың өз міндеттерін лайықты орындауларына әсер етуі мүмкін болған жағдайлар орын алған жоқ;
- бейтарап шешім қабылдауға әсер ететін немесе әлеуетті әсер етуі мүмкін мүдделер қайшылығы жағдайлары орын алған жоқ;
- мүдделілігі бар лауазымды тұлғалар мұндай шешімдерді талқылауға және қабылдауға қатысқан жоқ.
Превентивтік (алдын алу) шарасы ретінде «KEGOC» АҚ лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлерінің мүдделер қайшылығын реттеу жөніндегі саясатқа 2023 жылы толықтыру енгізіліп, әлеуетті мүдделер қайшылығын ашу туралы декларацияның нысаны бекітілді. 2024 жылы Директорлар кеңесінің құзыретіне жататын мүдделілікпен мәмілелер жасауға қатысты мәселелерді талқылауға және дауыс беруге тек тәуелсіз директорлар ғана қатысқан болатын, бұл туралы Директорлар кеңесі отырыстарының хаттамаларына тиісті жазбалар енгізілді. Есепті жылы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүдделілік бар мәмілелерді жасау туралы шешімдер қабылдады, атап айтқанда, «KEGOC» АҚ филиалдары мен «Батыс транзит» АҚ арасында жабдықтарды жедел және пайдалануға беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға арналған жалпы сомасы 438 млн теңгені құрайтын 3 (үш) шартқа қол қойылды.
2024 жылы «KEGOC» АҚ тарапынан екі ірі мәміле жасалды:
- Еуропа Қайта құру және Даму Банкімен жалпы сомасы 141 млрд теңгеге;
- «EIS Corporation» ЖШС, «Building and construction» ЖШС және «Энергетика» ғылыми-инжинирингтік орталығы» ЖШС-нің консорциумымен жалпы сомасы 138 млрд теңгеге.