Жылдық есебі / 2024
ДАМУ ЭНЕРГИЯСЫ

pdf Қаз Рус Eng
Cover 1

05

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«KEGOC» АҚ барлық мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл кезінде туындайтын кез келген түрдегі сыбайлас жемқорлыққа және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасыруға абсолютті төзбеушілік саясатын ұстанады.

Компания парақорлықтың кез келген нысанын, соның ішінде, егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздіктер) Компания қызметкерлерінің өкілеттіктері шеңберіне кіретін болса, оларды ұсынған тұлғалардың пайдасына жұмыстарды орындағаны немесе қызмет көрсеткені (әрекетсіздігі) үшін материалдық сыйақы, жеңілдіктер не мүліктік, физикалық немесе моральдық сипаттағы қызметтерді ұсынуды немесе алуды жоққа шығарады. Компания жұмыскерлері болашақта тараптардың қандай да бір міндеттемелеріне әкеліп соқтыруы мүмкін қонақжайлылық белгілерін көрсетпейді және қабылдамайды немесе сыйлықтарды сыйға алмайды. Сыбайлас жемқорлық істеріне қатыстырылған лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлер жұмыстан шығарылуы және Қазақстан Республикасының заңнамасында ескерілген тәртіппен жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Жемқорлық тәуекелін басқару шеңберінде оның орын алуының негізгі факторлары айқындалды:

  • мүліктік пайда алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді пайдалану;
  • тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу рәсімдерін жүргізген кезде, сонымен қатар «KEGOC» АҚ-ның клиенттерімен, өнім берушілерімен, мердігерлерімен өзара қарым-қатынаста теріс пайдалану;
  • Компанияның материалдық ресурстарын жеке пайда немесе баю мақсатында пайдалану.

«KEGOC» АҚ өзінің күнделікті қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтайды және сыбайлас жемқорлықтың кез келген нысандары мен түрлеріндегі ымырасыз жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және сыбайлас жемқорлық тәуекелін басқаруға бағытталған барынша көп ұйымдастырушылық және практикалық қадамдарды қолданады. Компанияның контрагенттерімен жасалған шарттар тараптар мен олардың жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттемелерін қамтиды — тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне қатыстыру тәуекелдерін болғызбау мақсатында комплаенс-тексерістерді жүргізу жөніндегі рәсімдердің іске асырылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

GRI 205-3

2024 жылы Компанияның немесе оның қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қатысты расталған жағдайлар, қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық үшін жұмыстан шығару немесе тәртіптік жазаға тарту, сыбайлас жемқорлықпен байланысты бұзушылықтар үшін іскер серіктестермен шарттардың бұзылуы, сондай-ақ Компанияға немесе оның қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа байланысты сот істері тіркелген жоқ.

GRI 2-24

Компанияның барлық жұмыскерлері (100%) аталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттармен таныстырылған. Компанияның лауазымды тұлғалары сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау туралы міндеттемелерге қол қою арқылы өздеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды. Қарамағындағы жұмыскерлер жасаған жемқорлық қылмыстары үшін басшыларды орнынан түсіру және жауапкершілікке тарту институтын енгізу бойынша іс-қимыл алгоритмін сақтау бойынша жұмыс жүргізілуде.

«KEGOC» АҚ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған алдын алу-профилактикалық жұмыстарына көп көңіл бөлінеді. Мәселен, 2023 жылы Комплаенс қызметі филиал жұмыскерлерімен кездесу барысында «Парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Корпоративтік басқарудағы қоғамдық бақылауды күшейту» тақырыбында оқыту өткізді. Оқыту процесінде қызметкерлердің комплаенс функциясының қызметі туралы хабардарлығын арттыру, «жедел желіні», «KEGOC» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қағидалардың ережелерін түсіндіріп тарату және аумақтық филиалдар мен қосалқы станциялар басшылығымен өзара іс-қимыл жасау негізгі мақсат болды.

Сонымен қатар, Компанияның барлық жұмыскерлеріне (100%):

  • парақорлық және сыбайлас жемқорлық;
  • жалдау және еңбектің тең емес жағдайлары;
  • бухгалтерлік есепке алудың бұзушылықтары;
  • денсаулыққа, қауіпсіздікке және қоршаған ортаға төнетін қауіптер;
  • ақпараттың жайылып кетуіне қатысты алаңдатушылық туындататын фактілер туралы дереу хабарлау қажеттілігі туралы жүйелі түрде ескерту жасалады.