Жылдық есебі / 2024
ДАМУ ЭНЕРГИЯСЫ

pdf Қаз Рус Eng
Cover 1

06

Тарифтік саясат

«KEGOC» АҚ қызметі «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Оған сәйкес «KEGOC» АҚ көрсететін мынадай қызметтер табиғи монополия саласына жатады:

  • ҰЭТ желілері арқылы электр энергиясын жеткізу;
  • ҰЭТ-ты пайдалану;
  • электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру;
  • электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру.

«KEGOC» АҚ өзі құрылған сәттен бастап реттелетін қызметтердің тарифтік саясатын жетілдіру бойынша жұмысты дәйекті түрде жүзеге асыруда, тарифтік саясатты жетілдіру бойынша тиісті ұйымдардың жұмысына белсенді қатысуда.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «KEGOC» АҚ-да Табиғи монополияларды реттеу комитетіне табиғи монополиялар саласына жататын реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифтерін бекітуге (қайта қарауға) өтінімдерді беру жөніндегі жұмыс жүзеге асырылады.

Компанияның тарифтері «шығындар плюс тіркелген пайда» әдісі бойынша белгіленеді. Оған сәйкес Компания белгілі бір уақыт кезеңіне тариф қалыптастыру мақсатында операциялық және қаржылық шығыстардың тиісті бағалауларына және капитал табыстылығының әділ нормасына сүйенеді.

2013 жылы «KEGOC» АҚ тарифтердің шекті деңгейлерін бекітуге көшті. Тарифтердің шекті деңгейлерін есептеу қағидаттары тарифтердің шекті деңгейлері қатарынан бірнеше жыл мерзімге бекітілетінін қоспағанда, жыл сайынғы тарифтердің есептелуіне ұқсас. Тарифтердің шекті деңгейлері Компанияға өз мүмкіндіктерін ұзақ мерзімге жоспарлауға жағдай туғызады, ал акционерлер Компания туралы толық АҚпарат алуға мүмкіндік алады.

«KEGOC» АҚ «Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы» механизмін және теңгерімдеуші электр энергиясы нарығын енгізуге байланысты «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап беру саласында ҰЭТ арқылы электр энергиясын жеткізу және ҰЭТ-ты пайдалану бойынша екі қызмет көрсетеді.

Өзгерістер деректерін өзектендіру мақсатында ТМРК шешімімен (2023 жылғы 3 шілдедегі №92-ОД бұйрығы) «KEGOC» АҚ-ның реттелетін қызметтеріне арналған тарифтер мен тарифтік сметаларға өзгерістер бекітіліп, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді. 2024 жылғы 9 АҚпандағы №25-ОД ТМРК бұйрығымен 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 қыркүйекке дейінгі кезеңге тариф деңгейлеріне түзетулер енгізілді.

«KEGOC» АҚ-ның өтінімі негізінде ТМРК 2024 жылғы 11 қыркүйектегі №82-ОД бұйрығымен «KEGOC» АҚ-ның реттелетін қызметтері бойынша тарифтік сметаларды 3-реттелетін кезеңге (2023 жылғы 1 қазаннан 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңге) түзетуді бекітті.

2024 жылы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2024 жылғы 7 қарашадағы қаулысымен «KEGOC» АҚ реттелетін қызметтері бойынша уақытша өтемдік тарифтерді бекіту туралы ТМРК-нің 2022 жылғы 22 сәуірдегі №67-ОД бұйрығын жойды.

Нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкес, жыл сайын реттелетін қызметтерді көрсету бойынша қызмет туралы есептік тыңдаулар өткізу көзделген, оның мақсаты — тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін күшейту, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тараптар алдында қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету.

SASB IF-EU-240a.1

«KEGOC» АҚ реттелетін қызметтеріне арналған тарифтердің өзгеруі

Теңге / кВт•сағ 01.10.2023-29.02.2024 ж. 01.03.2024-30.09.2024 ж. 01.10.2024-30.09.2025 ж. 01.10.2025-30.09.2026 ж.
ҰЭТ бойынша электр энергиясын беру қызметі 3,381 3,474 3,492 3,564
ҰЭТ-ті пайдалану қызметі 1,943 1,996 2,002 2,056
Электр энергиясын желіге босату және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру қызметі 0,339 0,339 0,351 0,356
Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру қызметі 0,060 0,060 0,064 0,066