Жылдық есебі / 2024
ДАМУ ЭНЕРГИЯСЫ

pdf Қаз Рус Eng
Cover 1

05

Дивидендтік саясат

«KEGOC» АҚ дивидендтік саясаты дивидендтік төлемдердің мөлшерін белгілеу кезінде Компания мен акционерлердің мүдделерін сақтауға, Компанияның инвестициялық тартымдылығын арттыруға және оны капиталдандыруға, Қазақстан Республикасының заңнамасында ескерілген акционерлердің құқықтарын құрметтеуге және оларды қатаң сақтауға негізделеді.

Компания капиталдандырудың өсуімен қатар бір жылдағы таза табыс көлеміне және Компанияның өндірістік пен инвестициялық қызметін дамыту қажеттіліктеріне негізделе төленетін дивидендтер көлемін арттыруға ұмтылуда.

Дивидендтерді төлеудің негізгі шарттары болып Компанияда есептік кезеңдегі таза пайданың немесе бөлінбеген пайданың болуы; Қазақстан Республикасының заңнамасында және Компанияның дивидендтің саясат туралы ережесінде ескерілген дивидендтерді төлеуге шектеулердің болмауы; Компанияның Акционерлердің жалпы жиналысының дивидендтерді төлеу туралы шешімді қабылдау табылады.

Тиісті қаржы жылындағы немесе жартыжылдықтағы таза табыс немесе ХҚЕС-ке сәйкес жасалған «KEGOC» АҚ-ның шоғырландырылған қаржылық есептілігі негізінде есептелетін бөлінбеген пайда акционерлерге дивидендтер төлеу көзі болып табылады. Компанияның Директорлар кеңесі қаржылық жылдағы немесе жартыжылдықтағы таза табысты бөлу тәртібі және дивидендтер мөлшері туралы ұсынысты дайындаған кезде дивидендтерді төлеуге жұмсалатын сома таза табыстың кемінде 60%-ын құрауы тиіс екендігіне сүйенеді. Жыл қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешімді Компанияның жылдық қаржылық есептілігі бекітілгеннен кейін Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қабылдайды. Жарты жылдың қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешімді Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы Компанияның тиісті кезеңдегі қаржылық есептілігіне аудит жүргізілгеннен кейін 3 ай ішінде қабылдауы мүмкін. Акционерлердің жалпы жиналысы Директорлар кеңесінің ұсыныстарын қарап, өз қалауы бойынша «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдайды, «KEGOC» АҚ-ның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекітеді, және де дивидендтерді төлеудің басталу күнін белгілейді.

«KEGOC» АҚ-тың дивиденд төлемдері

2019 2020 2021 2022 2023 2024
Кезең 1 жарты­жылдық 2 жарты­жылдық 1 жарты­жылдық 2 жарты­жылдық 1 жарты­жылдық 2 жарты­жылдық 1 жарты­жылдық 2 жарты­жылдық 1 жарты­жылдық 2 жарты­жылдық 1 жарты­жылдық
Бір акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері, теңге 67,17 48,86 77,09 75,01 84,72 50,85 65,44 50,59 77,74 79,5 82,4
Жиынтық есептелген дивидендтер сомасы, мың теңге 17 464 107 12 703 532 20 043 293 19 502 496 22 027 082 13 220 929 17 014 309 13 153 330 20 212 292 21 885 772 22 684 121
Дивиденд төлеу туралы шешім қабылдаған эмитенттің басқару органы Акционерлердің жалпы жиналысы
Шешім қабылданған басқару органының жиналыс күні және хаттама нөмірі 2019 жылғы 25 қазан №14 2020 жылғы 29 мамыр №17 2020 жылғы 23 қазан №19 2021 жылғы 27 сәуір №21 2021 жылғы 29 қазан №24 2022 жылғы 26 мамыр №27 2022 жылғы 27 қазан №29 2023 жылғы 2 мамыр №31 2023 жылғы 26 қыркүйек №34 2023 жылғы 2 мамыр №35 2024 жылғы 11 қазан №36
Дивиденд алуға құқылы тұлғалардың тізімі жасалған күн 2019 жылғы 4 қараша 2020 жылғы 8 маусым 2020 жылғы 29 қазан 2021 жылғы 11 мамыр 2021 жылғы 8 қараша 2022 жылғы 7 маусым 2022 жылғы 15 желтоқсан 2023 жылғы 12 мамыр 2023 жылғы 26 қыркүйек 2024 жылғы 24 мамыр 2024 жылғы 28 қазан