Жылдық есебі / 2024
ДАМУ ЭНЕРГИЯСЫ

pdf Қаз Рус Eng
Cover 1

04

Сатып алу тәжірибесі

GRI 2-6

«KEGOC» АҚ-да ақпараттық ашықтық, айқындық, тең құқықтылық және адал бәсекелестікті дамыту қағидаттарына негізделген тиімді сатып алу жүйесі құрылған.

2024 жылы Компанияның сатып алу қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ және оның тікелей немесе жанама түрде 50% және одан көп дауыс беру акциялары (қатысу үлестері) меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі ұйымдары үшін Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген сатып алуларды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылды.

Сатып алу қызметінің басым бағыттары:

  • Сатып алынатын өнімді өндіретін, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының Ұйымдар тізілімінде тіркелген мүгедектігі бар тұлғаларды (жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда) қамтитын ұйымдардан тауарлар сатып алу;
  • Сатып алынатын тауар бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының Тауар өндірушілер тізілімінде тіркелген отандық өндірушілерден тауарлар сатып алу;
  • Біліктілігі алдын ала іріктелген әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру.

Сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілік іріктеу моделі қолданылады, яғни әлеуетті өнім берушілерді жоғарыда аталған тәртіпке сәйкес белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау үдерісі сауалнама жүргізу және аудит арқылы жүзеге асырылады.

GRI 2-24

Алдын ала біліктілік іріктеу кезінде әлеуетті өнім берушілер келесі критерийлер бойынша бағаланады:

  • Құқықтық сәйкестік;
  • Шарттық жұмыстарды ұйымдастыру деңгейі;
  • Ресурстық қамтамасыз ету;
  • Тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің сапасын қамтамасыз ету;
  • Жобалар мен тәуекелдерді басқару, қауіпсіздік және еңбекті қорғау;
  • Қоршаған ортаны қорғау.

Сонымен қатар, сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алынатын тауарлардың отандық өндірушілерін қолдауға бағытталған тәртіпке сәйкес шаралар қабылданды.

Компания жүзеге асыратын сатып алуларға келесі тұлғалар қатыса алмайды:

  • Егер әлеуетті өнім беруші немесе оның қосал­қы мердігері (қоса орындаушысы), не консорциум мүшесі мемлекеттік сатып алулардың адал емес қатысушылары тізілімінде және (немесе) сатып алулардың адал емес қатысушылары тізілімінде, және (немесе) «Самұрық-Қазына» АҚ сенімсіз өнім берушілер тізімінде, және (немесе) банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген борышкерлер тізімінде болса;
  • Егер әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның тартылған қосалқы мердігері (қоса орындаушысы), және (немесе) олардың басшылығы, және (немесе) құрылтайшылары (акционерлері) терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне немесе жаппай қырып-жоятын қаруды таратуға қатысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген болса (Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес);
  • Егер әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның тартылған қосалқы мердігері (қоса орындаушысы), және (немесе) олардың құрылтайшылары (акционерлері) тіркелген мемлекет немесе аумақ Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органымен бекітілген салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер түсімін қамтамасыз ету саласындағы басқару тізіміне енгізілген салықтық жеңілдігі бар елдер қатарында болса.

Осыған байланысты, сатып алу рәсімдерін жүргізу кезінде әлеуетті өнім берушілерге жоғарыда аталған шектеулердің бар-жоғына тексеріс жүргізіледі.

GRI 2-25, 2-26

«KEGOC» АҚ әлеуетті өнім берушілердің сатып алу ұйымдастырушысының әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне), сондай-ақ тендерлік немесе сараптамалық комиссиялардың шешімдеріне келіспеген жағдайда шағымдану құқығын жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

Барлық шағымдар белгіленген тәртіпке сәйкес қаралады, айтылған уәждерге міндетті түрде талдау жүргізіледі. Қарау нәтижесі бойынша шағымды растау немесе қабылдамау туралы негізделген шешімдер қабылданады және өтініш берушіге хабарланады.

Өнім берушілермен өзара әрекеттесуді жеңілдету үшін сатып алу рәсімдері «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу электрондық порталы арқылы (www.zakup.sk.kz) жүзеге асырылады. Бұл тәсіл тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілердің кең ауқымын тартуға және бәсекелестік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді, нәтижесінде сатып алу қызметінің тиімділігі артады.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның www.zakup.sk.kz порталы мен www.kegoc.kz сайтындағы «Сатып алулар» бөлімінде «KEGOC» АҚ-ның тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша өзекті Жылдық сатып алу жоспары мен Ұзақ мерзімді сатып алу жоспары жарияланып отырады.

«KEGOC» АҚ жүзеге асырған 2024 жылғы сатып алулар, млн теңге

«KEGOC» АҚ «Энергоинформ» АҚ Барлығы
Тауарлар (Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасынан жеткізілетін электр энергиясын қоспағанда) 28 811 402,64 29 214
Жұмыстар 18 733 22,88 18 756
Қызметтер 14 444 462,55 14 907
Электр энергиясы 67 355 38,50 67 394
Барлығы 129 343 926,57 130 270

Тұрақты даму және ESG қағидаттарын өзінің қарсы тараптары арасында ілгерілету мақсатында «KEGOC» АҚ БҰҰ-ның Жаһандық шарты мен Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) ережелеріне негізделген Жеткізушілердің мінез-құлық кодексін әзірледі және енгізді.

Бұл Кодекс барлық жеткізушілермен жасалатын шарттардың міндетті бөлігі болып табылады және Компанияның жауапты әрі этикалық жеткізілім тізбегін қалыптастыруға деген ұмтылысын көрсетеді. «KEGOC» АҚ-ның барлық жеткізушілері осы Кодекстің ережелерін, оның ішінде мынадай қағидаттарды сақтау міндетті:

  • қызмет барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу;
  • Компаниямен жасалған шарттар аясында өз қызметкерлеріне, өкілдеріне және қосалқы мердігерлеріне коммерциялық парақорлық пен өзге де жемқорлық әрекеттер жасауға тыйым салу;
  • заңсыз мәжбүрлі еңбектің барлық түрлерін болдырмау;
  • бала еңбегін болдырмау;
  • кез келген түрдегі кемсітушілікті, соның ішінде жұмысқа қабылдау мен еңбек қызметі аясында болдырмау;
  • еңбек уақыты мен демалысқа қатысты нормативтік құқықтық актілерді сақтау;
  • ең төменгі жалақы мөлшеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді сақтау;
  • еңбек заңнамасын сақтау.

Кодексте жеткізушілердің мынадай қағидаттарды сақтау нормалары көрсетілген:

  • Әділ жұмыспен қамту тәжірибесі;
  • Этикалық қағидаттар;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптары;
  • Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау;
  • Қоршаған ортаны қорғау;
  • Құпиялық және деректердің қауіпсіздігі.

«KEGOC» АҚ тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға қатысты тәсілдерді оңтайландыруға бағытталған «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алу санаттық стратегияларын (ССС) іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл стратегиялар ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді кезеңдегі барынша тиімділікті қамтамасыз етуге, өткен кезеңдердің шығындарын талдау нәтижелеріне, болашақ қажеттілікке, жеткізу нарығына және бизнес талаптарына негізделеді.

2024 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ деңгейінде «IT жабдық» және «Арнайы киім» санаттары бойынша ССС іске асырылды.

2024 жылғы жеткізушілер көрсеткіштері (тауарлар)

Тіркелген жеткізушілер (АБІЖ) 1
соның ішінде:
– ССС шеңберінде 1
– ССС шеңберінен тыс 0
Шарт бойынша жалпы сома 195 943 200
Тіркелмеген жеткізушілер (АБІЖ) 1
соның ішінде:
– ССС шеңберінде 1
– ССС шеңберінен тыс 0
Шарт бойынша жалпы сома 37 865 256

76%

2024 жылы тауарларды, жұмыстарды мен қызметтерді сатып алудағы ішкі елдік құндылықтың үлесі

GRI 2-6

2024 жылы «KEGOC» АҚ тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы ішкі елдік құн үлесі 76%-ды құрады, оның ішінде:

  • 64% — тауарларды сатып алуда (жақын шетел елдерінен жеткізілетін электр энергиясын есепке алмағанда);
  • 81% — жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда.

«Энергоинформ» АҚ еншілес ұйымы үшін ішкі елдік құн үлесі келесідей болды:

  • 26,95% — тауарларды сатып алуда;
  • 98,97% — жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда.