Корпоративтік басқару

05
Басқарма
GRI 2-13
«KEGOC» АҚ-ның ағымдағы қызметіне басшылықты алқалы атқарушы орган болып табылатын Басқарма жүзеге асырады, ол басқа органдардың құзыретіне жатқызылмаған «KEGOC» АҚ-ның қызметінің мәселелері бойынша шешімдерді қабылдайды.
Басқарма «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «KEGOC» АҚ Жарғысына, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне және «KEGOC» АҚ Басқармасы туралы ережеге сәйкес әрекет етеді.
Компанияның Басқарма төрағасын тағайындау (сайлау) және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату Акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатады. Басқарманың сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, Басқарма мүшелерін (Төрағадан басқа) сайлау, сонымен қатар олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату «КЕGOC» АҚ Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады, және айқындық, әлеуетті, кәсібилік пен құзыреттілікті бағалаудың объективтілігі қағидаттарына негізделеді. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі 5 (бес) адамнан тұратын «KEGOC» АҚ Басқармасының құрамын айқындады, олардың 100%-ы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.
Басқарманың құрамы
(2024 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша)

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы, 2023 жылғы тамыздан бастап Басқарма мүшесі
1980 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы, саладағы жұмыс өтілі — 22 жыл.
Білімі:
- С. Сейфулин атындағы АҚмола аграрлық университеті, «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша (1997-2002 жж.), Халықаралық бизнес академиясы, іскери әкімшілік ету магистрі (2012 жж.).
Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:
- 2010-2023 жж. — «Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС Бас директоры;
- 2023 ж. — «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.
«KEGOC» АҚ-тағы функциялары:
- «KEGOC» АҚ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру, Компанияда еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарының, қоршаған ортаны қорғау шараларының сақталуын ұйымдастыру; Компанияның экономикалық, техникалық және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жобалар портфелін басқару.
«KEGOC» АҚ-ның және оның еншілес пен тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2017 жылғы АҚпаннан бастап Басқарма мүшесі
1968 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы, саладағы жұмыс өтілі — 21 жыл.
Білімі:
- Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, «Маркетинг және коммерция» мамандығы бойынша (1994), С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, «Электр энергетикалық жүйелер мен желілер» мамандығы бойынша (2005 ж.), «Нархоз университеті» АҚ, Іскери әкімшілік ету магистрі (2017 ж.).
Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:
- 2017-2018 жж. — «KEGOC» АҚ Өндірістік активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры;
- 2018-2021 жж. — «KEGOC» АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры;
- 2021 ж. — «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
«KEGOC» АҚ-тағы функциялары:
- өндірістік активтерді пайдалану, жөндеу және қызмет көрсету, Қазақстанның БЭЖ-інің сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, қосалқы станциялардағы реле қорғау және автоматика құралдарын пайдалану және жаңғырту, өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету, іске асырылып жатқан стратегиялық жобаларды басқару, ақпараттық-телекоммуникациялық кешеннің сенімді жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету, филиалдармен және еншілес ұйыммен жұмыс жүргізу.
«KEGOC» АҚ-ның және оның еншілес пен тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.

Құқықтық сүйемелдеу, HR және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор, 2017 жылғы маусымнан бастап Басқарма мүшесі
1979 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы, саладағы жұмыс өтілі — 16 жыл.
Білімі:
- Қазақ мемлекеттік заң академиясы, «Құқықтану» мамандығы бойынша (1996-2000 жж.), Қазақ технология және бизнес университеті, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, экономикалық ғылымдар магистрі (2011-2013 жж.), «Алматы Менеджмент Университет» БМ, Іскери әкімшілік ету магистрі (2018 жыл).
Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:
- 2017 ж. — «KEGOC» АҚ Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры.
«KEGOC» АҚ-тағы функциялары:
- Қазақстан Республикасының заңнамасының Компания қызметінде сақталуы мен орындалуын бақылау; талап-арыз жұмысы, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау, қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету жүйелерін енгізу және жетілдіру, тәуекел мәдениетін қалыптастыру, кадр саясатын жетілдіру және іске асыруды қамтамасыз ету, мақсатты корпоративтік мәдениетті дамыту және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, IR (өндірістік қатынастар) процесін дамыту, мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл функцияларын дамыту, қызметкерлердің ұжымның қоғамдық өміріне қатысу мәселелерін үйлестіру.
«Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.
«KEGOC» АҚ-ның және оның еншілес пен тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.

Стратегия және тұрақты даму жөніндегі басқарушы директор, 2022 жылғы қаңтардан бастап Басқарма мүшесі
1987 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматшасы, саладағы жұмыс өтілі — 2 жыл.
Білімі:
- Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (КИМЕП), «Экономика» мамандығы бойынша (2003-2007 ж.).
Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:
- 2015-2022 жж. — «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару департаментінің Аға менеджері, Корпоративтік басқару департаментінің директоры;
- 2022 ж. — «KEGOC» АҚ Стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры.
«KEGOC» АҚ-тағы функциялары:
- «KEGOC» АҚ-тың даму стратегиясы, тұрақты даму және корпоративтік басқару, Кәсіпорынның автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесіндегі және Процестік басқару жүйесі саласындағы жұмыстарды үйлестіру, коммуникациялар саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру.
«KEGOC» АҚ-ның және оның еншілес пен тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.

Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор, 2022 жылғы мамырдан бастап Басқарма мүшесі
1978 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматшасы, саладағы жұмыс өтілі — 15 жыл.
Білімі:
- Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті «Қаржы және несие, Банк ісі» мамандығы бойынша (1999 ж.), «Мирбис» Москва халықаралық жоғары бизнес мектебі» мемлекеттік емес білім беру мекемесінің Халықаралық бизнес университеті, Іскери әкімшілік ету магистрі (2009 ж.).
Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:
- 2008-2021 жж. — «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Департамент директоры;
- 2021-2022 жж. — «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Экономика және қаржы жөніндегі серіктес басқарушы директоры.
«KEGOC» АҚ-тағы функциялары:
- «KEGOC» АҚ-тың қаржылық-экономикалық қызметі; бизнесті дамыту бойынша ұзақ мерзімді өзгерістерді болжау және жаңа мүмкіндіктерді анықтау, қысқа, орта және ұзақ мерзімді бизнес-жоспарлар, теңгерімдер мен АҚша ағындарының болжамдары; инвесторлармен өзара қатынастар; Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен, Қазақстан қор биржасымен, банктермен, сақтандыру ұйымдарымен, рейтингтік агенттіктермен, аудиторлық компаниялармен және басқа да қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық; «KEGOC» АҚ акцияларының KASE және AIX-тің ресми тізімінде болу процесін басқару және үйлестіру; «KEGOC» АҚ-тың жыл сайынғы шоғырландырылған аудиттелген қаржылық есептілігі.
«KEGOC» АҚ-ның және оның еншілес пен тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.
Басқарма қызметі туралы есеп
Басқарманың қызметіндегі негізгі қағидаттар — акционерлердің мүдделерін барынша сақтау, адалдық, адал ниетпен жұмыс істеу, кәсібилік, ұқыптылық, объективтілік, парасаттылық және жүйелілік.
2024 жылы «KEGOC» АҚ Басқармасының 37 отырысы өткізілді, онда 161 мәселе қаралды.
«KEGOC» АҚ Басқармасымен қаралған мәселелер құрылымы, %

Басқарма жанындағы комитеттер
Алдын ала қарау, алқалық шешімдер қабылдау және жетекшілік ететін мәселелер бойынша «KEGOC» АҚ Басқармасына ұсынымдар әзірлеу мақсатында Компанияда консультативтік-кеңесші органдар әрекет етеді:
- Инвестициялық комитет;
- Тәуекелдер жөніндегі комитет;
- Бюджет комитеті;
- Кадрлық дамыту жөніндегі комитет;
- Дебиторлармен және кредиторлармен жұмыс жөніндегі комитет;
- Тауарлық-материалдық қорлармен жұмыс жөніндегі комитет.
Менеджментті бағалау және сыйақы
GRI 2-18
2024 жылғы 4 қазандағы (№10 хаттама) шешімімен «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі және оның комитеттері, Директорлар кеңесінің Төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ Корпоративтік хатшысының қызметіне баға беру мақсатында тәуелсіз кәсіби ұйымды тарту арқылы бағалау жүргізу туралы шешім қабылданды.
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мен оның комитеттері, Төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшелері және Корпоративтік хатшысының қызметіне баға беру қағидаларына сәйкес, бірде-бір директор өз қызметіне баға беру процесіне қатыстырылмаған, тек сауалнамаға қатысқан жағдайдан басқа.
GRI 2-19
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің, Төрағаның, мүшелерінің және Корпоративтік хатшысының қызметіне баға беру қағидаларына сәйкес, директорлардың ешқайсысы өз қызметіне баға беру процесіне қатыстырылмаған, тек сауалнамаға қатысуын қоспағанда.Акционерлердің Жалпы жиналысында бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын қалыптастыру, оның мүшелеріне сыйақы мөлшерін белгілеу және шығыстарын өтеу қағидаларына сәйкес, директорларға төленетін сыйақы екі бөліктен тұрады: жылдық тұрақты сыйақы және Директорлар кеңесі комитеттерінің отырыстарына төрағалық ету немесе қатысу үшін қосымша сыйақы. Сонымен қатар, 2020 жылғы 26 маусымдағы (№18 хаттама) Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен комитеттердің ішкі отырыстарына қатысқаны үшін қосымша сыйақы төлеу тоқтатылған.
Акционерлердің Жалпы жиналысына ұсыныс қалыптастыру мақсатында Тағайындау және сыйақы беру жөніндегі комитет сыйақының мөлшері, есептеу тәртібі мен төлеу шарттары бойынша тиісті талдауды (бенчмаркингті) ескере отырып, Директорлар кеңесіне ұсынымдар дайындайды. Комитет құрамының басым бөлігін тәуелсіз директорлар құрайды.
GRI 2-20
Директорлардың тұрақты тұратын жерінен тыс жерде өткізілетін Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің отырыстарына, кеңестерге шығуына байланысты шығындарына өтемақы төленеді. Мұндай шығындарға Қазақстан Республикасы аумағындағы жол жүру (оның ішінде трансфер), тұру, тәуліктік төлемдер, телефон байланысы (ұялы байланыстан басқа), сканерлеу, көшіру, факс, құжаттарды басып шығару және басу, интернетке қол жеткізу, курьерлік және пошта қызметтері кіреді. «KEGOC» АҚ-тың Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес, 2024 жылы Директорлар кеңесінің бірде-бір мүшесі өз сыйақысына қатысты шешімдер қабылдауға қатысқан жоқ.
GRI 2-18, 2-19, 2-20
«KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің еңбекақы жүйесіне лауазымдық жалақы мен жыл қорытындысы бойынша төленетін сыйақы кіреді. Жыл қорытындысы бойынша сыйақы «KEGOC» АҚ бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде, аудиттелген қаржылық есептілік негізінде қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелері бекітілгеннен кейін төленеді. Сыйақы төлеудің негізгі шарты — есепті жыл бойынша шоғырландырылған қорытынды табыстың болуы.
Есепті кезең қорытындысы бойынша Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің қызметін бағалау кезінде «KEGOC» АҚ-тың стратегиялық мақсаттарын нақты бизнес-процестер/қызмет бағыттары бойынша әрбір Басқарма мүшесіне арналған КНҚ карталарына каскадтау жолымен әзірленетін мотивациялық КНҚ қолданылады. Мотивациялық КНҚ корпоративтік және функционалдық КНҚ болып бөлінеді, бұл ретте мақсатты мәндер «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесімен бекітіледі.
Жыл бойы жетекші қызметкерлердің мотивациялық КНҚ орындалуына мониторинг жүргізіледі. Есепті жыл аяқталғаннан кейін барлық деңгейлердегі КНҚ нақты мәндері есептеледі.
Есептік кезеңдегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы алу құқығына тәртіптік жаза қолдану кезеңінен басқа, есептік кезеңде нақты жұмыс істеген Директорлар кеңесінің мүшелері ие болды.
Негізгі мотивациялық КНҚ
Стратегиялық мақсат 1 | Стратегиялық мақсат 2 | Стратегиялық мақсат 3 |
---|---|---|
GA (Grid Availability — желінің қолжетімділігі, % жылына) | EBITDA margin | LTIFR |
ЖЭК және қосалқы станциялардағы технологиялық бұзылулар саны | TSR | «KEGOC» АҚ әлеуметтік тұрақтылық деңгейі |
Басым инвестициялық жобаларды іске асыру | Жоспарлау сапасы | «KEGOC» АҚ ESG қағидаттарын жетілдіру жөніндегі жоспар іс-шараларын орындау |
«Электр энергиясын сақтау жүйелерін басқаруға арналған ОЖ ЖҚАР алгоритмдерін әзірлеу» жобасын іске асыру | Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерінің мақсатты мәндеріне қол жеткізу | ESG рейтинг |
Кредиттік рейтинг |
2023 жылдың қорытындылары бойынша корпоративтік ҚНҚ жоспарлы мәндеріне қол жеткізілді.
2024 жылы Директорлар кеңесінің мүшелері тарапынан сыйақыдан немесе болашақ сыйақылардан бас тарту фактілері немесе келісімдері тіркелмеді.
Осылайша, негізгі басқару персоналының сыйақылары мен оларға байланысты барлық басқа шығыстар (салықтар, аударымдар, еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек демалысы, материалдық көмек және т.б.) 2024 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылға арналған аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептіліктегі еңбекақы шығыстары құрамында 650,35 млн теңгені құрады.
Басқарма мүшелерінің ESG КНҚ-лары
Басшылық құрамды ынталандыру жүйесінде тұрақты даму және климаттық аспектілерді басқару мәселелеріне ерекше назар аударылған. 2024 жылға бекітілген мотивациялық КНҚ шеңберінде ESG саласындағы келесі көрсеткіштер қарастырылған:
- «ESG қағидаттарын сақтау жөніндегі жоспар іс-шараларын орындау» — климатқа теріс әсерді басқару, климаттық тәуекелдерді төмендету және экологиялық бастамаларды іске асыру саласындағы бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді;
- «Басым инвестициялық жобаларды іске асыру» — 2050 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) генерация көлемінің 50% деңгейіне жетуіне қарай энергия жүйесіне тиімді интеграцияны қамтамасыз етуге бағытталған;
- «Электр энергиясын сақтау жүйелерін басқару жөніндегі алгоритмдерді АРШО (Автоматтандырылған режимдерді шоғырландыру орталығы) базасында әзірлеу» жобасын іске асыру — бұл KEGOC АҚ-ның энергия жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ету, тұрақсыз ЖЭК генерациясын тиімді интеграциялау мен реттеу бойынша негізгі функциясын орындауын ілгерілетуге арналған.
Аталған бастамалар KEGOC АҚ тарапынан Қазақстан Республикасының 2060 жылға қарай көміртектік бейтараптыққа қол жеткізуіне қосқан үлесін білдіреді.