Жылдық есебі / 2024
ДАМУ ЭНЕРГИЯСЫ

pdf Қаз Рус Eng
Cover 1

02

Электр энергиясының теңгерімі

117 915,4

млн кВт•сағ

2024 жылы Қазақстан ­Республикасы бойынша өндірілген электр энергиясының

Электр энергиясын өндіру серпіні, млрд кВт·сағ

2024 жылы Қазақстан Республикасы бойынша өндірілген электр энергиясының көлемі 117 915,4 млн млн кВт•сағ құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 072,7 млн млн кВт•сағ немесе 4,5%-ға артық.

Қазақстан Республикасы БЭЖ электр станциялары бойынша 2024 жылғы электр энергиясын өндіру құрылымы

Бұл ретте электр энергиясын өндіру көлемінің ұлғаюы/азаюы келесі ірі электр станцияларында орын алды:

Электр станциялары млн кВт•сағ %
«Qarmet» АҚ (АМТ) ЖЭО-2 ▲ 548,2 33,1
«Станция Екібастұз ГРЭС-2» АҚ ▲ 386,3 6,8
«Жамбыл ГРЭС» АҚ ▲ 371,3 12,1
«Павлодарэнерго» АҚ ЖЭО-3 ▲ 203,7 7,5
«Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО-1 ▲ 170,5 8,7
«Kazakhmys Energy» ЖШС Жезқазған ЖЭО ▲ 82,1 9,0
«СевКазЭнергоПетропавл» АҚ ▲ 20,9 0,9
«3-Энергоорталық» АҚ ▲ 18,0 2,1
«ГРЭС Топар» ЖШС ▼ 524,9 13,3
«ЕЭК» АҚ ▼ 402,1 2,8
Екібастұз ГРЭС-1 ▼ 324,8 1,4
«Қазхром» ТҰК АФЗ ЭС (ГТҚ) ▼ 127,2 16,0
«АлЭС Алматы ЖЭО-1» АҚ ▼ 101,7 23,7
«АлЭС Алматы ЖЭО-3» АҚ ▼ 76,3 8,0
«АлЭС Алматы ЖЭО-2» АҚ ▼ 53,5 2,1
Балқаш ЖЭО «Kazakh-mys Energy» ЖШС ▼ 15,0 1,6

2024 жылы жылу электр станцияларында (ЖЭС) электр энергиясын өндіру 1 015,3 млн млн кВт•сағ немесе +1,2%-ға артты, газ турбиналы электр станцияларында (ГТЭС) 877,1 млн млн кВт•сағ немесе +7,9%-ға ұлғайды, ал жаңартылатын энергия көздерінде (ЖЭК) — күн, жел және биоэлектр станцияларында 705,1 млн млн кВт•сағ немесе +12,4% өсім байқалды.

8

ЖЭК объектілері

2024 жылы пайдалануға берілді

154,6

МВт

енгізілген ЖЭК объектілерінің жиынтық қуаты

Жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) секторы тұрақты өсім көрсетіп, Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы ең серпінді дамып келе жатқан бағыттардың біріне айналуда. ЖЭК нысандарында электр энергиясын өндіру көлемі жыл сайын артып келеді. Бұл өсімге «жасыл» энергетиканы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен бастамалардың жүзеге асырылуы ықпал етуде.

Халықаралық төменкөміртекті даму мақсаттарына ұстанымдылық аясында 2013 жылғы мамырда Қазақстан Республикасы «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасын бекітті. Бұл құжатта 2050 жылға қарай елдің энергетикалық теңгеріміндегі баламалы және жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 50%-ға дейін жеткізу жөнінде өршіл мақсат қойылды. Осы Тұжырымдамаға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерінің жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесіне қатысты кезең-кезеңімен орындалуы тиіс мақсатты көрсеткіштер белгіленген:

  • 2020 жылға қарай — 3%,
  • 2025 жылға қарай — 6%,
  • 2030 жылға қарай — 10%,
  • 2050 жылға қарай — 50% (баламалы және жаңартылатын көздерді қоса алғанда).

2024 жылдың қорытындысы бойынша (ЖО ҰДО деректері негізінде) Қазақстан Республикасында жалпы белгіленген қуаты 3 038,6 МВт болатын 157 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істеді:

  • 57 жел электр станциясы (ЖЭС) — қуаты 1 525,7 МВт;
  • 44 күн электр станциясы (КЭС) — қуаты 1 216,6 МВт;
  • 55 су электр станциясы (СЭС) — қуаты 295,2 МВт;
  • 1 биоэлектр станциясы (БиоЭС) — қуаты 1,1 МВт.

2024 жылы жалпы белгіленген қуаты 154,6 МВт болатын 8 жаңартылатын энергия нысаны пайдалануға берілді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша (ЖО ҰДО деректері бойынша) жаңартылатын энергия көздері нысандарында өндірілген электр энергиясының көлемі 7,55 млрд млн кВт•сағ құрады. Оның ішінде жел электр станцияларында — 4 497,6 млн млн кВт•сағ , күн электр станцияларында — 1 895,6 млн млн кВт•сағ , су электр станцияларында — 1 161,3 млн млн кВт•сағ , биоэлектр станциясында — 0,6 млн млн кВт•сағ өндірілді. Бұл көрсеткіш жалпы электр энергиясын өндіру көлемінің 6,4%-ын құрайды және 2023 жылмен салыстырғанда 12,5% өсімді көрсетеді.

2024 жылы ЖЭК нысандары бойынша электр энергиясын өндіру туралы АҚпарат

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2024
Орнатылған қуат, соның ішінде: МВт 3 038,6
Жел электр станциялары МВт 1 525,7
Кіші су электр станциялары МВт 295,2
Күн электр станциялары МВт 1 216,6
Биоэлектр станциялары МВт 1,1
Өндірілген электр энер-гиясы, соның ішінде: млн кВт•сағ 7 555,1
Жел электр станциялары млн кВт•сағ 4 497,6
Кіші су электр станциялары млн кВт•сағ 1 161,3
Күн электр станциялары млн кВт•сағ 1 895,6
Биоэлектр станциялары млн кВт•сағ 0,6
ЖЭК арқылы өндірілген электр энергиясының жалпы өндіріс көлеміндегі үлесі % 6,4

2 080,1

млн кВт•сағ

2024 жылы электр энергиясын өндірілген көлемнен тұтынудың асымы

2024 жылғы есепті кезеңде Қазақстан Республикасы бойынша электр энергиясын тұтыну 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 908,3 млн млн кВт•сағ немесе 4,3%-ға артып, 119 995,5 млн млн кВт•сағ құрады. Аймақтар бойынша тұтыну көлемі мынадай түрде өсті: Солтүстік аймақта — 1 814,1 млн млн кВт•сағ немесе 2,5%; Батыс аймақта — 1 588,3 млн млн кВт•сағ немесе 10,8%;Оңтүстік аймақта — 1 505,9 млн млн кВт•сағ немесе 5,6%.

2023 жылмен салыстырғандағы электр энергиясын тұтыну көлемінің өзгерісі келесі түрде қалыптасты:

2024 жылғы электр энергиясын тұтыну көлемі (2023 жылмен салыстыру)

Тұтынушылар млн кВт•сағ %
«Қазхром» ТҰК» АҚ (АФЗ) ▲ 342,4 10,8
Ақсу ФЗ «Қазхром» ТҰК ▲ 276,5 5,4
«Соколов-Сарыбай КМК» АҚ ▲ 158,6 12,4
«Kazakhmys Smelting» ЖШС ▲ 106,3 9,2
«Қазцинк» ЖШС ▲ 65,8 2,4
«АНПЗ» ЖШС ▲ 65,3 8,6
«Қазақстан алюминийі» АҚ ▲ 52,4 4,9
«ҚазЭлектролиззауыты» АҚ ▲ 31,3 0,8
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ▲ 22,5 1,4
«Qarmet» АҚ ▼ 240,3 7,3
«Қазфосфат» ЖШС ▼ 86,0 4,4
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ ▼ 6,0 0,9

Электр энергиясын тұтынудың аймақтар бойынша құрылымы, млн кВт•сағ

2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда электр энергиясын тұтынудың ең жоғары өсімі Атырау облысында байқалды — 1 146,1 млн кВт•сағ немесе 16,2%, АҚмола облысында — 651,5 млн кВт•сағ (5,9%), Алматы облысында — 621,6 млн кВт•сағ (5,2%), Түркістан облысында — 497,7 млн кВт•сағ (7,7%).

2023–2024 жылдар аралығындағы аймақтар бойынша электр энергиясын тұтыну серпіні, млн кВт•сағ

2024 жылы электр энергиясын тұтыну өндірілген көлемнен 2 080,1 млн кВт•сағ-қа артық болды.

2020–2024 жылдар аралығындағы электр энергиясын өндіру мен тұтыну серпіні, млрд кВт·сағ

Есепті кезеңде Ресей Федерациясымен электр энергиясының сальдолық ағыны 3 411,1 млн кВт•сағ болды (2023 жылы — 3 617,3 млн кВт•сағ). Сонымен қатар, Ресей Федерациясына экспортталған электр энергиясының көлемі 1 514,9 млн кВт•сағ құрады (2023 жылы — 1 377,1 млн кВт•сағ), Ресей Федерациясынан импорт көлемі 4 926,0 млн кВт•сағ болды (2023 жылы — 4 994,4 млн кВт•сағ). Экспорт және импорт көрсеткіштері Ресей Федерациясымен жүзеге асырылған теңгерімдеуші электр энергиясының көлемдерін ескере отырып көрсетілген.

Ресей Федерациясымен электр энергиясының сальдолық ағыны, млн кВт•сағ

Орталық Азия елдерімен электр энергиясының сальдолық ағыны 1 331,0 млн кВт•сағ болды (2023 жылы — 1 372,8 млн кВт•сағ).Сонымен қатар, Орталық Азияға экспорт көлемі 1 624,1 млн кВт•сағ (2023 жылы — 1 441,0 млн кВт•сағ), Орталық Азиядан импорт көлемі 293,1 млн кВт•сағ (2023 жылы — 68,2 млн кВт•сағ) құрады.