Жылдық есебі / 2024
ДАМУ ЭНЕРГИЯСЫ

pdf Қаз Рус Eng
Cover 1

03

Инвестициялық қызмет

Еліміздің экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін электр желілік инфрақұрылымды қоса алғанда, жалпы электр энергетикалық саланың озық қарқынмен дамуы қажет.

Компания тиімділікті арттыру, ҰЭТ жұмысының сенімділігі мен желінің өткізу қабілетін ұлғайту мақсатында ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыруды жалғастыруда. Бұл жобалар жаңартылатын энергетиканы (өндірудің тұрақсыздығымен ерекшеленетін КЭС мен ЖелЭС) дамыту, ЖЭК ірі объектілерінің қуатын беруді қамтамасыз етуге арналған тиісті электр желілік құрылысты дамыту үшін жағдай жасауды есепке ала отырып, іске асырылуда.

Бұдан басқа, жобалардың маңызды әлеуметтік мәні бар — ҚМЖ кезеңіне қосымша жұмыс орындары құрылатын болады. Бұл өз кезегінде экономиканың нақты секторының дамуына, халықтың жұмыспен қамтылуы мен әл-ауқатының өсуіне, бюджетке салық аударымдарының артуына оң әсерін тигізетін болады.

2024 жылы Компания келесі ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырды

01

Батыс Қазақстан энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-мен біріктіру. Электр желілік нысандар құрылысы.

Жобаның мақсаты

Батыс аймақ тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру және Батыс аймақтың маневрлік генерациясын электр энергиясы мен қуат теңгерімсіздігін өтеу үшін пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасы аумағы арқылы Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің негізгі бөлігімен біріктіру үшін ұзындығы 604,3 км 500 кВ «Қарабатан ҚС — Үлке ҚС» әуе желісін салу.

Қаржыландыру көзі

  • Жоба меншікті және қарыз қаражаттар есебінен қаржыландырылады.
  • 2024 жылғы 3 желтоқсанда ҚДБ (32 млрд теңге), ЕҚДБ (133,33 млрд теңгеге дейін және 15 млн еуро) екі кредиттік келісімге қол қойылды.

Жобаны іске асыру мәртебесі

  • 2024 жылғы АҚпанда Жобаның ТЭН-не «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынды.
  • 2024 жылғы қыркүйекте ҚС және ӘЖ ­бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, жабдықтар мен материалдарды жеткізу, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау үшін 3 EPC-шартқа қол қойылды.
  • ЖСҚ әзірлеу жұмыстары басталды (ҚС тексеру, ӘЖ трассасын келісу).

02

Қазақстан Республикасы БЭЖ-нің Оңтүстік аймағы электр желісін күшейту.

Жобаның мақсаты

Оңтүстік аймақ тұтынушыларын электрмен сенімді жабдықтауды қамтамасыз ету және аймақаралық электр байланысын күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы аумағы арқылы БЭЖ-нің Оңтүстік аймағының электр энергетикалық жүйесін күшейту.

Қаржыландыру көзі

  • Жоба меншікті және қарыз қаражаттары есебінен қаржыландырылады («жасыл» облигациялар).
  • 2024 жылғы 19 шілдеде Азия Даму Банкімен 58,2 млрд теңге сомасына кредиттік келісімге қол қойылды.

Жобаны іске асыру мәртебесі

  • ТЭН әзірленді.5 нысан (2 ӘЖ және 3 ҚС) бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу, жабдықтар мен материалдар жеткізу және ҚМЖ жүргізуге шарттар жасалды.
  • 2 ӘЖ бойынша ЖСҚ «Мемсараптама» РМК сараптамасынан өтуде.
  • 500 кВ «Шу» және «Жамбыл» ҚС бойынша «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындылары алынды.
  • 500 кВ «Шымкент» ҚС бойынша ЖСҚ сараптамадан өтуде.
  • Жабдықтар жеткізілді.

2024 жылғы 19 шілдеде «KEGOC» АҚ пен Азия Даму Банкі арасында «Қазақстан БЭЖ-нің Оңтүстік аймағы электр желісін күшейту. Электр желілік нысандар құрылысы» жобасын қаржыландыру үшін 58,2 млрд теңге сомаға кредиттік келісімге қол қойылды.

2024 жылғы 3 желтоқсанда «KEGOC» АҚ пен Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) арасында кредиттік келісімге, сондай-ақ «Қазақстанның даму банкі» АҚ-да (ҚДБ) кредиттік желі ашу туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісім «Батыс Қазақстан энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-мен біріктіру. Электр желілік нысандар құрылысы» жобасын қаржыландыруға бағытталған.

  • ЕҚДБ ұсынған қарыз сомасы 133,3 млрд теңгеге дейін және қосымша 15,0 млн еуроға дейінгі кредит.
  • ҚДБ тарапынан берілген кредиттік желі сомасы 32,0 млрд теңгені құрайды.

Инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру барысында «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр энергиясы мен қуатының болжамдық теңгерімін әзірлеу және жыл сайын жаңарту негізінде сценарийлік тәсілді қолданады. Сонымен қатар, төтенше жағдайлардың туындау қӘБПіне әкелетін климаттың өзгеру тәуекелдері, атап айтқанда табиғи факторлар (су тасқыны, дауыл, жер сілкінісі, індеттер) ескеріледі.

Қысқамерзімді кезеңде электр желісінің сенімділігін қамтамасыз ету және өндірістік активтердің істен шығу тәуекелін барынша азайту мақсатында Компания Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) дамытуға бағытталған келесі инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр:

01

«KEGOC» АҚ филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау, II кезең

Нормативтік қызмет ету мерзіміне жеткен қолданыстағы ЭЖЖ-ні, сонымен қатар таяу арада қызмет ету мерзімі нормативтік шамаға жететін ӘЖ-ні реконструкциялау арқылы Қазақстан ҰЭТ жұмысының сенімділігін арттыру жобаның мақсаты болып табылады.

«Ақмола ЖЭТ», «Орталық ЖЭТ», «Шығыс ЖЭТ», «Солтүстік ЖЭТ» филиалдарының теңгерімінде тұрған жалпы ұзындығы 4 236 км құрайтын 220–500 кВ-тық 48 ӘЖ реконструкциялау объектілері болып табылады. ТЭН «Мемсараптама» РМК-ға сараптамаға жолданды.

02

«KEGOC» АҚ филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау, III кезең

ҰЭТ-ты реконструкциялау қажеттілігі келесі себептерге негізделген:

  • бірқатар 220-500 кВ ӘЖ-нің нормативтік қызмет ету мерзіміне жетіп, одан асып кетуі;
  • тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру, электр энергиясының транзиті, электр станцияларының қуатын беру.

«Алматы ЖЭТ», «Орталық ЖЭТ», «Оңтүстік ЖЭТ» филиалдарының теңгерімінде тұрған жалпы ұзындығы 4 332 км құрайтын 220–500 кВ-тық 44 ӘЖ реконструкциялау объектілері болып табылады. ТЭН әзірленуде.

03

Астана қаласын сырттан электрмен жабдықтау схемасын күшейту. Электр желілік нысандар құрылысы

Жобаның мақсаты — өңірдің электр энергиясына деген өсіп келе жатқан қажеттілігін өтеу және ЖЭК объектілерін қосу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін 500 кВ жеткізуші ӘЖ бар қаланың екінші қоректендіру орталығын құру арқылы Астана қаласын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру. ТЭН әзірленуде. Жобаны іске асыру мерзімі: 2024–2028 жж.

Сонымен қатар, 2035 жылға дейінгі ұзақ мерзімді перспективада «KEGOC» АҚ инвестициялық портфелін Ұлттық электр торабы (ҰЭТ) дамуы бойынша келесі ірі жобалармен толықтыру мүмкіндігін қарастырады:

01

Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) транзиттік және өткізу қабілетін арттыру

Жобаның ТЭН-ін әзірлеу бастамасы көтерілді. Мақсаты — ЖЭК ірі жобаларын іске асыруды және Орталық Азия мен Кавказ елдерінің энергия жүйелерін біріктіру мүмкіндігін ескере отырып, Қазақстан ҰЭТ-ның транзиттік әлеуетін инновациялық технологиялар арқылы арттыру.

02

500 кВ Қарағанды — Астана ӘЖ және жаңа 500 кВ Қарағанды қосалқы станциясын салу

Жобаны іске асыру ең алдымен елдің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары шоғырланған Қарағанды–Теміртау энергия торабының сенімділігін арттыруға, сондай-ақ 500 кВ желілерінің өткізу қабілетін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

03

500 кВ Қарағанды — Жезқазған — Қызылорда — Шымкент ӘЖ салу

Жоба Қызылордада салынуы жоспарланған қуаты 1000 МВт болатын ПГУ-дың қуатын беруін қамтамасыз етуге, Ұлытау энергия торабының электрмен жабдықтауын күшейтуге және осы өңірде ЖЭК нысандарын салуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.

04

Батыс энергия торабының күшеюі: 500 кВ Қарабатан — Бейнеу — Маңғыстау ӘЖ салу

Жобаны іске асыру Қазақстан БЭЖ-мен Батыс аймақты біріктірудің 2-кезеңін жүзеге асыруға және ЖЭК теңгерімін қамтамасыз етуге қажетті жағдайлар жасауға бағытталған.

05

Батыс аймақты Қазақстан Республикасы БЭЖ-імен біріктіру. II кезең

Жоба Батыс аймақтағы газ генерациясының маневрлігін пайдалану арқылы энергия жүйесін теңгеруге, ЖЭК-ті Қазақстан БЭЖ-іне интеграциялауға және болашақта транзиттік әлеуетті кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл жоба энергия жүйесін жоғары кернеулі желілер арқылы шеңберлі құрылымға келтіруді аяқтайды.