Жылдық есебі / 2024
ДАМУ ЭНЕРГИЯСЫ

pdf Қаз Рус Eng
Cover 1

06

Қаржылық-экономикалық көрсеткіштерге талдау

GRI 2-6

Анализ фактических показателей доходов и расходов 2024 года, млн теңге

2024 жоспар 2024 нақты Ауытқу Ауытқу себептері
Шоғырландырылған кірістер 312 043,1 338 447 108%
Негізгі қызметтен түскен кірістер 304 358,7 319 905,9 105% 1. Реттелетін қызметтерден кірістің 7 706,2 млн теңгеге өсуі, оның ішінде:
  • ҰЭТ-ті пайдалану қызметінен — 4 721,8 млн тг;
  • Электр энергиясын беру қызметінен — 1 713,8 млн тг;
  • Диспетчерлеу қызметінен — 1 131,3 млн тг;
  • Өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру қызметінен — 139,4 млн тг.
2. ТЭЭ және дисбаланс операцияларынан кірістердің өсуі, негізінен көлемдердің артуына байланысты:
  • Теңгерімдік нарықта сатудан — 10 180,1 млн тг;
  • Дисбаланстарды өтеуге арналған электр энергиясын сатудан — 641,4 млн тг.
Алайда, бұл кірістер шығындармен сальдоланады.
3. ЖСҚҚ бойынша қаржылық операциялардан кірістің 5 406,6 млн теңгеге өсуі.
Шоғырландырылған шығыстар 254 773,2 264 582,5 104%
Өнімнің өзіндік құны 217 533,5 228 253,9 105% 1. Технологиялық шығындардан электр энергиясы бойынша шығындардың 8 968,8 млн теңгеге өсуі: нақты көлемнің 102,5 млн кВт·сағ-қа ұлғаюы — 1 643,9 млн тг;– орташа бағаның 18,43 тг/кВт·сағ-қа (жоспар — 16,03) өсуі — 7 324,8 млн тг.
2. Электр энергиясын сатып алуға жұмсалған шығындардың 10 001,2 млн тг-ге артуы (мемлекетаралық ағындарды өтеу).
3. Қуатты реттеуге кеткен шығындардың 3 670,1 млн тг-ге төмендеуі (үшінші тарап ұйымдарынан алынған қызметтер).
Жалпы және әкімшілік шығындар 14 173,8 11 219,5 79% Төмендеу себебі — дебиторлық берешекке резервті қалпына келтіру («Россети» АҚ), ағымдағы шығындар бойынша үнемнің қалыптасуы.
Өткізу шығындары 623 548,6 88% Ағымдағы шығындар бойынша үнемнің арқасында төмендеу
Операциялық пайда 72 028,3 79 883,9 111%

2024 жылғы кірістер мен шығыстардың нақты көрсеткіштерінің 2023 жылғы нақты көрсеткіштермен салыстырмалы талдауы, млн теңге

2024 жоспар 2024 факт Ауытқуы (%) Ауытқудың негізгі себептері
Шоғырландырылған кірістер 266 496,2 338 447 127%
Негізгі қызметтен түсетін кіріс 252 136,3 319 905,9 127% Өсім негізінен реттелетін қызметтерден түскен кірістердің 44 010,9 млн теңгеге ұлғаюына байланысты, бұл көрсетілетін қызметтердің тарифтері мен көлемдерінің өзгеруімен және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҰЭТ-ты пайдалануға енгізілген қызметпен түсіндіріледі. Сонымен қатар, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ҚР теңгерімдеуші нарығы аясында электр энергиясын сату операцияларынан түскен кірістер 23 121,2 млн теңгеге артты.
Шоғырландырылған шығындар 212 897,5 264 582,5 124%
Өндірістік өзіндік құн 181 403,6 228 253,9 126% 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өндірістік өзіндік құн 46 850,3 млн теңгеге өсті. Бұл негізінен теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуға арналған шығындардың 9 282,0 млн теңгеге, электр энергиясының технологиялық шығынының 23 595,7 млн теңгеге, қуат резервтерін дайын күйінде ұстау қызметтерінің 1 708,3 млн теңгеге, дисбаланстарды өтеу мақсатында электр энергиясын сатып алу шығындарының 4 742,3 млн теңгеге, сондай-ақ әлеуметтік тұрақтылық деңгейін арттыру бойынша жоспарлы іс-шаралардан туындаған еңбекақы қорының 4 295,6 млн теңгеге өсуімен байланысты.
Жалпы және әкімшілік шығындар 13 680,3 11 219,5 82% Дебиторлық берешек бойынша резервті қалпына келтіру нәтижесінде төмендеу байқалды.
Сату шығындары 490,9 548,6 112% Өсу еңбекақы қорының ұлғаюымен байланысты.
Операциялық пайда 56 561 79 883,9 141%

Қаржылық-экономикалық көрсеткіштердің серпіні, млрд теңге

Коэффициенттерді талдау

23,366

млрд теңге

2024 жылы EBITDA көрсеткішінің 2023 жылмен салыстырғанда өсуі

2024 жылдың қорытындысы бойынша ROACE көрсеткіші 2023 жылғы деңгеймен салыстырғанда 1,269 пайыздық тармаққа артты, атап айтқанда: түзетілген пайданың (NOPAT) 15,24 млрд теңгеге артуы салдарынан 1,711 пайыздық тармаққа өсіп, орташа іске қосылған капиталдың (ACE) 60,79 млрд теңгеге ұлғаюы нәтижесінде 0,443 пайыздық тармаққа төмендеді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша EBITDA көрсеткіші 2023 жылмен салыстырғанда 23,366 млрд теңгеге өсті. Көрсеткіштің өзгеруіне келесі факторлар әсер етті:

  • реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі мен тарифтерінің өзгеруі (+44,011 млрд теңге);
  • электрэнергетикалық нарықтың жаңа жұмыс тетігін енгізудің нәтижесінде, нақты мемлекетаралық теңгерімдегі сағаттық ауытқуларды өтеу мақсатында электр энергиясын сатып алу-сату операциясынан болған шығындардың 9,069 млрд теңгеге азаюы;
  • электр энергиясының орташа сатып алу бағасының өсуі нәтижесінде технологиялық электр энергиясы шығыстарының (ысыраптардың) 23,596 млрд теңгеге артуы;
  • еңбекақы төлеуге жұмсалған шығындардың шегерімдерді қоса алғанда 5,606 млрд теңгеге ұлғаюы және басқа да факторлар.

2024 жылы қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері мен ковенанттар бойынша нормативтер бұзылған жоқ.

Жасалған және бөлінген экономикалық құн

«KEGOC» АҚ қызметінің экономикалық құрамдас бөлігі Компанияның өзі үшін де, ел экономикасы үшін де стратегиялық маңызға ие. Бұл бағыттағы негізгі міндет — орнықты өсу мен акционерлер мен инвесторлар үшін ұзақ мерзімді құндылықты қамтамасыз ету.

Бизнес-жоспар мен бюджеттерді (соның ішінде Компания объектілерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған күрделі қаржы салымдары жоспарын) әзірлеу және бекіту рәсімдері «KEGOC» АҚ Іс-шаралар жоспарын (Бизнес-жоспар) және Бюджеттерін әзірлеу, келісу, бекіту, түзету, орындау және оның орындалуын мониторингілеу қағидаларымен реттеледі.

Бизнес-жоспар сырғымалы тәсілмен 5 жылдық кезеңге арналған және еншілес ұйымдарды шоғырландырылған түрде қамтиды. Бизнес-жоспарды іске асыру үшін жыл сайын жылдық бюджет бекітіледі. Оның орындалуына мониторингті «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі тоқсан сайын жүзеге асырады.

GRI 201-1, 201-4

Экономикалық құнды бөлу, млн теңге

Көрсеткіштер 2022 2023 2024
Жалпы капиталдандыру 809 916,9 849 254,52 931 502,5
меншікті капитал 653 565,16 685 719,13 769 921,8
қарыз капиталы 156 351,70 163 535,39 161 580,7
Мемлекеттен алынған қаражат 0 0 0
Жасалған экономикалық құн 227 003,95 263 910,63 337 695,7
негізгі қызметтен түскен кіріс 217 255,55 252 136,38 319 905,9
қаржылық кірістер 5 726,12 7 576,47 11 886,4
өзге кірістер 4 022,29 4 197,78 5 903,3
Бөлінген экономикалық құн 217 270,65 253 879,87 322 768,5
еңбекақы төлеу шығындары 26 755,43 33 272,86 37 980,5
мемлекеттік бюджетке салықтар мен алымдар 18 026,52 21 610,03 26 644,8
капитал жеткізушілерге төлемдер 30 309,24 47 075,04 56 872,9
қайырымдылық және демеушілік көмек 0 0 1 000,0
саяси партиялар мен бірлестіктерді қаржыландыру шығындары * 0 0 0
өзге операциялық шығыстар 136 625,19 148 327,37 190 082,4
өзге операциялық емес шығыстар 5 554,26 3 594,57 10 187,9
Тоқтатылған қызметтен кейінгі салық салынған пайда 0 0 0
Бөлінуге жататын экономикалық құн 9 733,30 10 030,77 14 927,2

* саяси науқандарға немесе ұйымдарға, лоббистік қызметке, сауда қауымдастықтарына, салықтан босатылған ұйымдарға немесе саяси науқандарға не мемлекеттік саясат пен заңнамаға ықпал ететін өзге де топтарға жарналар немесе шығыстар.

Теңгерімді талдау

«KEGOC» АҚ экономикалық теңгерімінің көрсеткіштері, млн теңге

Көрсеткіш 2020 2021 2022 2023 2024 2024/2023
Айналымнан тыс активтер 695 193 1 019 820 873 933 881 415 960 180 109%
Айналымдағы активтер 116 820 73 397 12 679 120 371 136 886 114%
Активтер жиыны 812 013 1 093 217 986 612 1 001 785 1 097 066 110%
Капитал 502 557 737 137 653 565 685 719 769 922 112%
Ұзақ мерзімді міндеттемелер 239 767 310 397 273 570 277 540 289 230 104%
Қысқа мерзімді міндеттемелер 69 689 45 684 59 477 38 526 37 914 98%
Міндеттемелер жиыны 309 456,1 356 080,5 333 047 316 066 327 144 104%
Капитал және міндеттемелер жиыны 812 013 1 093 217 986 612 1 001 785 1 097 066 110%

2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компанияның активтері 1 097 066,1 млн теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 10%-ға артты.

Ұзақ мерзімді активтер теңгерім құрылымының 87,5%-ын құрайды, олар көбінесе негізгі құралдармен ұсынылған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ұзақ мерзімді активтер 8,9%-ға немесе 78 765,8 млн теңгеге өсіп, 960 180,3 млн теңгені құрады.

Қысқа мерзімді активтер теңгерімнің 12,5%-ын құрайды. 2024 жылы олар 13,7%-ға (немесе 16 515,3 млн теңгеге) өсіп, жыл соңында 136 885,8 млн теңгені құрады. Бұл өсім «Самұрық-Қазына» АҚ-ның купондық облигацияларының және кезең соңындағы АҚшалай қаражат пен олардың баламаларының ұлғаюымен байланысты.

2024 жылдың соңында капитал 769 921,8 млн теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 12,3%-ға немесе 84 202,7 млн теңгеге өсті. Бұл өсім 2024 жылғы желтоқсанда негізгі құралдарды қайта бағалау және бөлінбеген пайданың ұлғаюы нәтижесінде қалыптасты. Теңгерім құрылымындағы капиталдың үлесі 70,2%-ды құрады.

Жыл қорытындысы бойынша міндеттемелер 327 144,3 млн теңгені құрады — 2023 жылмен салыстырғанда 3,5%-ға немесе 11 078,4 млн теңгеге өсті. Міндеттемелердің 88,4%-ы ұзақ мерзімді, 11,6%-ы қысқа мерзімді. Өзгеріс негізінен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен алынған несиенің жоспарлы өтелуімен байланысты қарыз бойынша міндеттемелердің азаюына және 2024 жылғы желтоқсанда негізгі құралдарды қайта бағалаудың нәтижесінде пайда салығы бойынша кейінге қалдырылған салық міндеттемесінің 14 057,5 млн теңгеге ұлғаюына байланысты.

Компанияның тұрақты қаржылық нәтижелілігі негізгі стейкхолдерлердің алдындағы келесі міндеттемелерді уақтылы және толық көлемде орындауға мүмкіндік береді:

  • жұмыскерлерге еңбекақы төлеу және әлеуметтік қолдау көрсету;
  • акционерлерге дивидендтер төлеу;
  • инвестициялық жобаларды іске асыру және ҰЭТ сапасы мен сенімділігін арттыру;
  • өнім берушілермен уақтылы есеп айырысу;
  • салықтарды төлеу.

«KEGOC» АҚ-ның пайдалылық көрсеткіштері, млрд теңге

3-мақсатты жүзеге асыру индикаторлары

2019 2020 2021 2022 2023 2024
ҚНК атауы факт факт факт факт факт факт
TSR (акционердің жалпы табыстылығы), % индикатор 2021 жылғы желтоқсанда анықталған -10,7 3,44 13,96
EBITDA, млрд теңге 88,5 108,4 93,9 102,5 108,1 131,5

TSR көрсеткішінің нақты мәніне Компания акцияларының 2024 жылы бір акция үшін 1 527 теңгеге дейін өсуі әсер етті, өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі нақты мәні — бір акция үшін 1 482 теңге. Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша Компания бір акцияға 161,9 теңге көлемінде дивиденд төледі. EBITDA көрсеткішінің өсуіне негізінен реттелетін қызметтер бойынша көлемдер мен тарифтердің өзгеруі, сондай-ақ Біріңғай сатып алушыдан сатып алынатын электр энергиясының бағасының өзгеруі әсер етті.