Стратегиялық шолу

02
Даму жоспары (Стратегия)
GRI 2-12, 2-22, 2-23, 2-24
«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына стратегиялық тұрғыдан маңызды рөл атқарады және көптеген мүдделі тараптарға әсер етеді. Бұл жағдай Компанияның шешімдер қабылдауға және ұзақ мерзімді даму стратегиясын қалыптастыруға деген жауапкершілікті көзқарасын айқындайды. Біздің назарымыздың негізгі бағыттары — қоғам мүддесіне ұқыпты қарау, Қазақстан Республикасының БЭЖ-дің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ҰЭТ-ты ілгерілей дамыту, адамдар үшін лайықты еңбек жағдайлары мен әл-ауқатты қамтамасыз ету, сондай-ақ қоршаған ортаға қамқорлық жасау.
Қазақстан Республикасының БЭЖ жүйелік операторы мәртебесі «KEGOC» АҚ-тың мынадай функцияларын айқындайды: басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен параллель жұмыс істеуді қамтамасыз ету, энергетикалық жүйедегі теңгерімді сақтау, жүйелік қызметтер көрсету, сондай-ақ электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алу. Сонымен қатар бұл функцияларға Қазақстан Республикасының ҰЭТ-ы арқылы электр энергиясын беру, оның техникалық қызмет көрсетілуін және пайдалану дайындығын қамтамасыз ету де кіреді.
«KEGOC» АҚ-тың 2023–2032 жылдарға арналған даму жоспары (Стратегиясы) Компанияның Директорлар кеңесімен бекітілді. Оны әзірлеу барысында Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптары, ұлттық басымдықтар мен мемлекеттік бағдарламалар, адам құқықтары мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелер, сондай-ақ мүдделі тараптардың үміттері мен мүдделері ескерілді.
Табысты дамудың маңызды факторлары:
- Компания қызметінің тиімділігін арттыру және активтер мен инвестициялық жобаларды басқаруға портфельдік тәсілдерді енгізу;
- электр энергетикалық саланы дамытуға айтарлықтай әсер ететін электр энергетикасында болып жатқан өзгерістердің (энергетикалық ауысу және экономиканы көміртексіздендіру, ЖЭК-ті дамыту, бизнесті цифрландыру, процестерді автоматтандыру, АҚпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және т.б.) әсерін есепке алу;
- адамдардың сана-сезімін өзгерту.
«KEGOC» АҚ-ның ағымдағы жай-күйіне жүргізілген соңғы стратегиялық талдау және SWOT-талдау нәтижелері төмендегілердің Компания үшін оның қызметінің тиімділігіне әсерін тигізетін және Даму жоспарында (Стратегияда) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді анықтау кезінде ескерілуі тиіс негізгі сын-тегеуріндер екенін көрсетті:
- жүктемелердің болжамды өсуінің ескерілуімен Қазақстан Республикасы ҰЭТ-тың жеткіліксіз өткізу қабілеті;
- тұтынушылар жүктемелерінің өсуіне байланысты елде орта мерзімді перспективада электр энергиясы мен қуаттың тапшылығы;
- электр желісінің сенімді жұмыс істеуіне әсерін тигізетін ЖЭК-ті дамыту;
- энергетикалық жүйені басқаруды цифрландыру және автоматтандыру, сондай-ақ киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- электр желілерінің тозу дәрежесінің жоғарылауы және осыған байланысты активтердің істен шығу тәуекелдері;
- инвестициялық қызметті жоспарлаудың және жобаларды басқарудың жаңа тәсілдерінің ескерілуімен инвестициялық жобалардың жаңартылған портфелі;
- теңгерімдеуші нарықты енгізу;
- электр энергетикалық саланы басқарудың жаңа тәсілдерін және жалпы электр энергетикасының дамуын қамтамасыз ететін нарық моделін (дизайнын) қалыптастыруға Компанияның белсенді қатысу қажеттілігі.
Осыған байланысты, Компанияның 2023–2032 жылдарға арналған Даму жоспарында (Стратегиясында) үш стратегиялық мақсат айқындалған:
1-стратегиялық мақсат
Энергетикалық ауысу жағдайында Қазақстан БЭЖ-інің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету (ҰЭТ-тың СЕНІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ДАМЫТУ).
Міндеттер
- Қазақстан Республикасының БЭЖ жүйелік операторы функцияларын орындау;
- Қазақстан Республикасының ҰЭТ-ын ілгерілей дамыту, ЖЭК-ті тиімді біріктіруді 19% деңгейінде қамтамасыз ету;
- Зияткерлік энергетикалық жүйені (Smart Grid) қалыптастыру мақсатында заманауи инновациялық және цифрлық технологияларды, жасанды интеллектіні енгізу.

2-стратегиялық мақсат
ESG қағидаттарына (ТҰРАҚТЫ ДАМУ) сәйкес тұрақты дамуды қамтамасыз ету.
Міндеттер
- көміртек ізі көлемін азайту;
- адами капиталды дамыту;
- корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру;
- кәсіби қауіпсіздік жүйесін жетілдіру.

3-стратегиялық мақсат
Таза активтердің құнын арттыру (ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ).
Міндеттер
- қаржылық тұрақтылықты нығайту;
- Компанияның жағымды имиджін қалыптастыру және қолдау;
- халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
