Жылдық есебі / 2024
ДАМУ ЭНЕРГИЯСЫ

pdf Қаз Рус Eng
Cover 1

01

Компания құрылымы

GRI 2-6

Компания құрылымына «Жүйеаралық электр тораптары» (ЖЭТ) 9 филиалы және «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы» (ЖО ҰДО) филиалы кіреді.

ЖО ҰДО Қазақстан Республикасы БЭЖ орталықтандырылған диспетчерлік басқаруын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының БЭЖ-дегі орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару тікелей жедел бағыныштылық қағидаты бойынша ұйымдастырылған: ЖО ҰДО-ға «KEGOC» АҚ-тың құрылымдық бөлімшелері болып саналатын «ЖЭТ» филиалдарының құрамындағы 9 өңірлік диспетчерлік орталық (ӨДО) бағынады.

«KEGOC» АҚ еншілес ұйымы — «Энергоинформ» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады. «Энергоинформ» АҚ миссиясы — ең үздік әлемдік тәжірибелер мен инновациялық технологиялардың қолданылуымен ҚР БЭЖ АҚпараттық-телекоммуникациялық кешенін сенімді жұмыс істеуін және тиімді дамуын қамтамасыз ету. Негізгі қызметі — «KEGOC» АҚ-ның АҚпараттық-телекоммуникациялық кешеніне, соның ішінде ЭКЕАЖ, SCADA, ЭТН, АБЖ, ЖЖ, РРЖ, СБС, КҚЖ, АТС, ТОБЖ, ӨКЖ жүйелеріне қызмет көрсету және корпоративтік сервистер.

Бұдан басқа, «KEGOC» АҚ «Солтүстік Қазақстан — АҚтөбе облысы өңіраралық ЭЖЖ-ні салу» жобасын іске асыру үшін 2005 жылы құрылған «Батыс транзит» АҚ-ның акционері (акцияларының 20%-ы) болып табылады.