Корпоративтік басқару

05
Директорлар кеңесінің қызметі туралы есеп
GRI 2-13
Директорлар кеңесі Акционерлердің жалпы жиналысына есеп береді, Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) «KEGOC» АҚ Жарғысында Акционерлердің жалпы жиналысының және (немесе) Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, Компанияға стратегиялық және жалпы басшылық етуді және Басқарма қызметін бақылауды қамтамасыз етеді.
GRI 2-12, 2-13
Компания Жарғысына сәйкес Директорлар кеңесі Компания қызметінің бағыттарын айқындайды, мақсаттарды,
міндеттерді, жобаларды, сонымен қатар оларға қол жеткізу индикаторларын белгілей отырып, даму стратегияларын
бекітеді. Даму стратегиясын әзірлеу/жаңарту барысында Директорлар кеңесі стейкхолдерлердің негізгі топтарымен
олардың үміттері мен алаңдаушылықтарын түсіну үшін тұрақты кездесулер мен кеңестер өткізеді. Компанияның Даму
стратегиясын іске асыру, соның ішінде тұрақты даму саласындағы мақсаттар мен индикаторларға қол жеткізу
мониторингін Директорлар кеңесі тоқсан сайын Стратегияны іске асыру туралы есептерді, өндірістік қауіпсіздік,
еңбекті және қоршаған ортаны қорғау туралы есептерді, тәуекелдер жөніндегі есептерді қарау арқылы жүзеге
асырады.
Акционерлердің жалпы жиналысы Директорлар кеңесінің мүшелерін кандидаттардың құзыреттерін, дағдыларын,
жетістіктерін, іскери беделін және кәсіби тәжірибесін ескере отырып, анық және айқын рәсімдер негізінде
сайлайды. Директорлар кеңесінің жекелеген мүшелерін немесе оның толық құрамын жаңа мерзімге қайта сайлаған кезде
олардың Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігіне қосқан үлесі есепке алынады.
Директорлар кеңесінің құрамына жекелеген акционерлердің, Басқарманың және басқа да мүдделі тараптардың ықпалынан
бос тәуелсіз және объективті шешімдер қабылдау үшін жеткілікті кәсібилігі мен дербестігі бар тәуелсіз
директорлар сайланады.
Директорлар кеңесінің мүшелері 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімге сайланады.
Тәуелсіз директор Директорлар кеңесінің құрамына қатарынан 9 (тоғыз) жылдан астам уақытқа сайлана алмайды.
Ерекше жағдайларда 9 (тоғыз) жылдан астам мерзімге сайлауға жол беріледі, бұл ретте осындай тәуелсіз директорды
Директорлар кеңесіне сайлау Директорлар кеңесінің осы мүшесін сайлау қажеттігінің және осындай фактордың
шешімдер қабылдаудың тәуелсіздігіне әсерінің толық түсіндірілуімен жыл сайын жүргізілуі тиіс.
Директорлар кеңесі мүшелерінің құқықтары мен міндеттері «KEGOC» АҚ Жарғысында айқындалған.
GRI 2-14
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері Компания мен акционерлердің алдында олардың әрекеттері және (немесе) әрекетсіздігі салдарынан келтірілген залал үшін және Компания ұшыраған залалдар үшін «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікті көтереді.
GRI 2-10
Акционерлердің жалпы жиналысының 2024 жылғы 2 мамырдағы шешімімен (№35хаттама) кандидаттардың іріктеу критерийлеріне, біліктілік талаптарына сәйкестігінің ескерілуімен «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін қалыптастыру, Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы мен өтемақыны анықтау қағидаларына сәйкес Директорлар кеңесінің құрамы үш жылға сайланды.
Директорлар кеңесінің құрамы
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Директорлар кеңесінің құрамы
GRI 2-11
- Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов — Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші («KEGOC» АҚ Басқармасының төрағасы болып табылмайды);
- Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов — Директорлар кеңесінің мүшесі, Аға тәуелсіз директор;
- Марат Дұлқайыров Тұрғанбекұлы — Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор;
- Дамир Серкбайұлы Сүентаев — Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор;
- Алмат Күнжолұлы Жәмиев — Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші;
- Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев — Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы;
- Нәби Еркінұлы Айтжанов — Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.
2024 жылғы 2 мамырдағы (№35 хаттама) «KEGOC» АҚ акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысының шешімімен:
- «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі Алмат Күнжолұлы Жәмиев «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды;
- «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі ретінде Кияков Мирас Қапарғалиұлы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Директорлар кеңесінің құрамына 7 мүше, ал Компанияның Басқарма құрамына 5 мүше кіреді.
Директорлар кеңесінің мүшелері туралы мәліметтер
(2024 жылғы 31 желтоқсандағы Директорлар кеңесінің құрамы)

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі
1987 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.
«KEGOC» АҚ-ның және оның ЕҰ-ның акцияларына иелік етпейді.
GRI 2-11
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына алғаш рет 2021 жылғы 24 қарашадағы «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен (№25 хаттама) «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі ретінде сайланды.
«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2022 жылғы 10 наурыздағы шешімімен (№26 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Білімі:
- 2004-2007 жж. — әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, Алматы;
- 2007-2010 жж. — University of Toronto Мемлекеттік саясат және Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша (бағыты — Халықаралық экономика);
- 2015-2018 жж. — Ұлыбританиядағы University of Warwick, Бизнес-әкімшілік ету магистрі;
- 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Harvard Business School — Program for Leadership Development.
Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:
- 02/2022 ж. қазіргі уақытқа дейін — «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры;
- 04/2021-02/2022 жж. — «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия, тұрақты даму және цифрлы трансформациялау жөніндегі cеріктес басқарушы директоры;
- 05/2019-04/2021 жж. — Whiteshield Partners халықаралық консалтингтік компаниясындағы жобалар жетекшісі (әртүрлі жылда аға аналитик, консультат болып жұмыс істеді);
- 08/2018-04/2019 жж. — «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару жөніндегі дирекциясының аналитигі.
Қоса атқарған жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелік:
- «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
- «QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
- «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Аға тәуелсіз директор,«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің төрағасы, Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитетінің мүшесі, ТСК комитетінің мүшесі
1965 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.
«KEGOC» АҚ-ның және оның ЕҰ-ның акцияларына иелік етпейді.
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына алғаш рет «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2020 жылғы 26 маусымдағы шешімімен (№18 хаттама) тәуелсіз директор ретінде сайланды.
«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2021 жылғы 27 сәуірдегі шешімімен (№21 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор болып сайланды.
Сертификатталған тәуелсіз директор (Cert IoD) Institute of Directors, UK.
Білімі:
- Шәкәрім атындағы Семей технологиялық университеті, бухгалтер-экономист, есепке алу және аудит;
- KIMEP MBA, Іскери әкімшілік ету магистрі;
- Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, геология және пайдалы қазбаларды барлау.
Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:
- 2019-2021 жж. — «PLANETCARE MANAGEMENT» ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары.
Қоса атқарған жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелік:
- «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор;
- «QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор;
- «KTZ Express» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, СКТДК және АК мүшесі
1947 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.
«KEGOC» АҚ-ның және оның ЕҰ-ның акцияларына иелік етпейді.
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2023 жылғы 31 шілдедегі шешімімен (№32 хаттама) Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор ретінде сайланды.
2024 жылғы 2 мамырдағы (№35 хаттама) «KEGOC» АҚ акционерлерінің Жалпы жиналысының шешімімен «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор ретінде сайланды.
Білімі:
- 1965-1972 жж. — Г.И.Носов атындағы Магнитогорск тау-кен металлургиялық институты, өнеркәсіптік кәсіпорындарды, қалаларды және ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау мамандығы бойынша біліктілігі инженер-электрик.
Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:
- 04/2015 қазіргі уақытқа дейін — ҚР Инженер-энергетиктер одағының Бас директоры.
Қоса атқарған жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелік:
- Алматы Энергетика және Байланыс Университетінің құрметті профессоры, ҚР мен ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі;
- «Алматинская электр станциялары (АлЭС)» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, АК төрағасы, ТСК мүшесі
1984 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.
«KEGOC» АҚ-ның және оның ЕҰ-ның акцияларына иелік етпейді.
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2022 жылғы 18 шілдедегі шешімімен (№28 хаттама) Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор ретінде сайланды.
Білімі:
- 2001-2006 жж. — Қазақ мемлекеттік заң академиясы, Мамандығы құқықтану, Алматы қ.;
- 2006-2008 жж. — Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, экономика бакалавры, Алматы қ.;
- 2012-2014 жж. — РФ Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, инновациялық-технологиялық бизнес факультеті, МВА «Инновациялық және жобалық менеджменті», Москва қ.;
- 2018-2022 жж. — Ұлыбритания Директорлар институты, IoD Chartered Director бағдарламасы, Лондон.
Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының Тәуелсіз директорлар қауымдастығының, Қазақстан Республикасының Ішкі аудиторлар институтының мүшесі болып табылады және Украинаның Корпоративтік басқарудың кәсіпқой қауымдастығының тізілімне кіреді.
Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:
- 08/2021 ж. — қазіргі уақытқа дейін — «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Президенті;
- 02/2016-10/2021 жж. — «Digital Finance Union» ЗТБ Төрағасы.
Қоса атқарған жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелік:
- «Жолаушылар тасымалы» АҚ/ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директоры;
- Директорлар кеңесінің мүшесі, «Almaty» ӘКК» АҚ тәуелсіз директоры.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің СКТДК төрағасы
1963 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.
«KEGOC» АҚ-ның және оның ЕҰ-ның акцияларына иелік етпейді.
«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2021 жылғы 27 сәуірдегі шешімімен (№21 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып алғаш рет сайланды.
Акционерлердің жалпы жиналысының 2021 жылғы 24 қарашадағы (№25 хаттама), 2023 жылғы 31 шілдедегі (№32 хаттама) және 2024 жылғы 2 мамырдағы (№35 хаттама) шешімдерімен «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі болып сайланды.
Сертификатталған Директор (Certificate in Company Direction IoD) Institute of Directors, UK
Білімі:
- 2016-2020 жж. — іскери әкімшілік ету докторы, Doctor of Business Administration (DBA), Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы;
- 2003-2004 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы, мемлекеттік қызмет менеджері;
- 1999-2002 жж. — Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, экономист-заңгер;
- 1981-1987 жж. — Павлодар индустриалды институты, инженер-электрик;
- Халықаралық сертификаттау — IPMA Level B.
Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:
- 11/2021-07/2023 жж. — «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы;
- 04/2021-11/2021 жж. — «Самұрық-Қазына» АҚ Энергетика және тау-кен активтері дирекциясының директоры;
- 04/2019-04/2021 жж. — «Самұрық-Қазына» АҚ — «Энергетика» секторының жетекшісі;
- 09/2018-04/2019 жж. — «Қазақстан атом электр станциялары» АҚ Бас директорының орынбасары.
Қоса атқарған жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелік:
- «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, Аудит жөніндегі комитеттің мүшесі
1990 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.
«KEGOC» АҚ-ның және оның ЕҰ-ның акцияларына иелік етпейді.
«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының 2024 жылғы 2 мамырдағы шешімімен (№35 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.
Білімі:
- 2008–2012 жж. — Алматы энергетика және байланыс университеті (Электр энергетикасы, Техника және технология бакалавры), Алматы;
- 2012–2014 жж. — Алматы энергетика және байланыс университеті, (Электр энергетикасы, техника және технология магистрі);
- 2015–2017 жж. — Almaty management university, Экономика және бизнес бакалавры.
Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:
- 02/2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Самұрық-Қазына» АҚ Энергетикалық және тау-кен активтері департаменті энергетикалық активтер секторының басшысы;
- 04/2023–01/2024 жж. — Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) — Инфрақұрылымдық жобалар департаментінің директоры;
- 10/2021–04/2023 жж. — Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) — Аналитик, Аға аналитик;
- 01/2021–10/2021 жж. — Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) — Жоба менеджері;
- 08/2019–01/2021 жж. — «Кристалл Менеджмент» АҚ — Жетекші инженер-электрик.
Қоса атқарған жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелік:
- «АстанаГаз ҚМГ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
- «Мойнақ ГЭС» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
- «Qazaq Green Power plc» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы
1980 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.
«KEGOC» АҚ-ның және оның ЕҰ-ның акцияларына иелік етпейді.
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2023 жылғы 31 шілдедегі шешімімен (№32 хаттама) Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде сайланды.
2024 жылғы 2 мамырдағы (№35 хаттама) «KEGOC» АҚ акционерлерінің Жалпы жиналысының шешімімен «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Білімі:
- 1997-2002 жж. — С. Сейфулин атындағы АҚмола аграрлық университеті, Экономика және менеджмент;
- 2011-2012 жж. — Халықаралық бизнес академиясы, іскери әкімшілік ету магистрі.
Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:
- 2010-2023жж. — «Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС Бас директоры.
Қоса атқарған жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелік:
- Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы «Атамекен» жанындағы Энергетика комитетінің мүшесі;
- Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығы Директорлар кеңесінің мүшесі;
- «KAZENERGY» Мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ Кеңесінің мүшесі.
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің өкілеттік мерзімі бүкіл Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімімен сәйкес келеді және ол 2027 жылғы мамыр айында аяқталады. Осылайша, Директорлар кеңесінде болудың орташа мерзімі 3 жылды құрайды. Директорлар кеңесінің құрамында гендерлік әртүрлілік қамтамасыз етілмеген.
Директорлар кеңесінің құрамы
GRI 405-1
Директорлар кеңесінің жас бойынша құрылымы, адам, адам

Директорлар кеңесінің гендер бойынша құрылымы, адам

Директорлар кеңесінің тәуелсіздігі, %


Директорлар кеңесі мүшелерінің құзыреттілігі
Директорлар кеңесінің құзыреттілік матрицасы
GRI 2-9, 2-10
Директорлар кеңесі мүшелері | Бердіғұлов Е.К. | Аханзарипов Н.З. | Дұлқайыров М.Т. | Сүентаев Д.С. | Молдабаев Қ.Т. | Қияқов М.К. | Айтжанов Н.Е. |
---|---|---|---|---|---|---|---|
Саладағы жұмыс өтілі / жалпы еңбек өтілі, жыл | 10/13 | 22/31 | 59/59 | 6/18 | 32/37 | 11/12 | 23/23 |
Негізгі құзыреттер | |||||||
Саланы білу | |||||||
Саладағы өндірісте жұмыс тәжірибесі | – | – | + | – | + | + | + |
Сала туралы терең білім | + | + | + | + | + | + | + |
Техникалық дағдылар / тәжірибе | – | + | + | – | + | + | + |
Арнайы дағдылар мен тәжірибе | |||||||
Қаржылық сауаттылық | + | + | + | + | + | + | + |
Қаржы саласындағы терең білім | + | + | – | + | – | + | + |
Маркетинг саласындағы терең білім | + | + | + | + | + | – | + |
Әлеуметтік және экологиялық мәселелер бойынша терең білім | + | + | + | + | + | + | + |
Басқару және құқық саласындағы жұмыс тәжірибесі | |||||||
Корпоративтік басқару | + | + | + | + | + | + | + |
Трансформация | + | + | – | + | + | – | + |
IPO өткізу тәжірибесі | + | + | – | + | + | – | + |
Стратегия әзірлеу және іске асыру | + | + | + | + | + | + | + |
Халықаралық тәжірибе | + | + | – | + | – | – | – |
* Директорлар кеңесі мүшелерінің құзыреттері көк түспен боялған.
Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілік теңгерімі

Тәуелсіз директорларды іріктеу критерийлері
Тәуелсіз директор жекелеген акционерлердің, Басқарманың және басқа да мүдделі тараптардың ықпалынан еркін тәуелсіз және объективті шешімдер қабылдау үшін жеткілікті кәсіби және тәуелсіз болуы тиіс.
Тәуелсіз директорлар тәуелсіздіктің барлық заңнамалық критерийлеріне сәйкес келеді; олардың мәртебесі, өкілеттіктері, құқықтары мен міндеттері «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «KEGOC» АҚ Жарғысының, Корпоративтік басқару кодексінің талаптарымен және «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін іріктеу және сайлау қағидаларымен қатаң регламенттелген.
Әлемдік корпоративтік басқару тәжірибесіне сәйкес, Директорлар кеңесінің құрамы 7–11 адамнан тұруы тиіс. Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамындағы тәуелсіз директорлардың үлесі 30%-дан кем емес және 50%-дан аспауы тиіс. «Сайланған кезде тәуелсіз директорлар Компанияның ішкі саясаттары мен қолданыстағы заңнамада белгіленген тәуелсіз директорларға қойылатын талаптарға сәйкес келетін өздерінің тәуелсіздігі туралы мәлімдемелерге қол қояды, бұл олардың келесі талаптарға сай екенін растайды:
- Компанияның үлестес тұлғалары болып табылмайды және өздері Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде сондай тұлғалар болмаған3;
- «KEGOC» АҚ-ның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайды;
- осы «KEGOC» АҚ-ның немесе «KEGOC» АҚ-ның ұйымдарының-үлестес тұлғаларының лауазымды тұлғаларымен бағыныстылығымен байланысты емес, және өздерінің Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде осы тұлғалармен бағыныстылықпен байланысты болмаған;
- «KEGOC» АҚ-ның аудитіне аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатыспайды және өздері Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған;
- «KEGOC» АҚ органдарының отырыстарында акционер өкілдері болып табылмайды және өздері Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай өкілдер болмаған;
- мемлекеттік қызметшілер болып табылмайды.
3 Үлестес тұлғалар — бір-бірінің (немесе бір тұлғаның) қабылдайтын шешімдеріне тікелей және (немесе) жанама түрде ықпал етуге немесе оларды айқындауға мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (оларға жүктелген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан басқа), оның ішінде жасалған мәміле негізінде.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үлестес тұлғаларға мыналар жатады:
- ірі акционерлер, құрылтайшылар немесе қатысушылар;
- ұйымдардың лауазымды адамдары;
- жақын туыстары;
- акционерлік қоғамның ірі акционері, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысы немесе қатысушысы бақылайтын заңды тұлғалар;
- еншілес ұйымдар және т.б.
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырыстары
Есепті кезеңде Директорлар кеңесінің 12 көзбе-көз және 1 сырттай отырысы өткізілді, онда 119 мәселе қаралды.
Корпоративтік басқару кодексінде және Компанияның Директорлар кеңесінің қызметін реттейтін құжаттарында Директорлар кеңесінің отырыстарына міндетті түрде қатысу және есепті жыл ішінде отырыстардың 50%-дан азына қатысқан, сондай-ақ сырттай дауыс беру кезінде қойылған мәселелердің 50%-дан азы бойынша бюллетень тапсырған Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы акционерлердің Жалпы жиналысына ұсыныс енгізу талабы белгіленген.
2024 жылғы Директорлар кеңесінің отырыстарына қатысу матрицасы
Директорлар кеңесінің мүшелері | 31.01.2024 | 27.02.2024 | 29.03.2024 | 27.04.2024 | 21.05.2024 | 28.05.2024 | 26.06.2024 | 09.07.2024 | 06.09.2024 | 04.10.2024 | 09.11.2024 | 13.12.2024 | 19.12.2024 | % |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов
Директорлар кеңесінің төрағасы |
+ | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов
Аға тәуелсіз директор |
+ | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров
Тәуелсіз дирек |
+ | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Дамир Серкбайұлы Сүентаев
Тәуелсіз директор |
+ | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Алмат Күнжолұлы Жәмиев
«Самұрық-Қазына» АҚ өкілі |
+ | + | + | + | 2 мамыр 2024 жылдан бастап өкілеттігі тоқтатылды | 100 | ||||||||
Мирас Қапарғалиұлы Қияқов
«Самұрық-Қазына» АҚ өкілі |
Директорлар кеңесінің мүшесі болмаған | + | + | + | - | + | + | + | + | + | 88,8* | |||
Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев
«Самұрық-Қазына» АҚ өкілі |
+ | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Нәби Еркінұлы Айтжанов
Басқарма төрағасы |
+ | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Барлығы (%) | 98,4 |
* «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Қияқов М.Қ. 2024 жылғы 9 шілдедегі отырысқа еңбек демалысында болуына байланысты қатыспады, алайда 2024 жылғы 9 шілдеде сағат 10:00-де өткен Тағайындау және сыйақы төлеу комитетінің отырысына бейнебайланыс режимінде қатысты.
2024 жылы Директорлар кеңесінің отырыстарында стратегиялық, қаржы-экономикалық және инвестициялық бағыттар, корпоративтік басқару және тұрақты даму, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және аудит, кадр саясаты, еншілес ұйымдардың қызметі және өзге де мәселелер қаралды.
2024 жылы Директорлар кеңесінің отырыстарында қаралған мәселелер
GRI 2-13


Директорлар кеңесінің комитеттері
Жекелеген мәселелерді белсенді талқылауға және толық талдауға арналған алаң құру үшін Директорлар кеңесі жанында 3 (үш) комитет құрылды:
- Аудит жөніндегі комитет;
- Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет;
- Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитет.
Аудит жөніндегі комитет
GRI 2-9, 2-10, 2-13
Аудит комитетінің қызметі «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 30 қарашадағы (№12 хаттама) шешімімен бекітілген Аудит комитеті туралы Ережемен реттеледі. Комитет өз қызметінде толықтай Директорлар кеңесіне есеп береді. Комитет мүшелері Директорлар кеңесімен сайланады, ал Комитет төрағасы — тәуелсіз директор. Комитет құрамына сондай-ақ дауыс беру құқығы жоқ сарапшы кіреді, ол Компанияның ірі акционері — «Самұрық-Қазына» АҚ-ның саясаттары мен ұстанымдарына сүйене отырып ұсыныстар береді. Комитеттің барлық мүшелері тиісті білімге және, соның ішінде, практикалық тәжірибеге ие.
Аудит комитетінің құрамына үш тәуелсіз директор және бір сарапшы (дауыс беру құқығынсыз) кіреді.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Комитет құрамына келесі тұлғалар кірді:
- Дамир Серкбайұлы Сүентаев — Комитет төрағасы, тәуелсіз директор;
- Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов — Комитет мүшесі, аға тәуелсіз директор;
- Марат Дұлқайыров Тұрғанбекұлы — Комитет мүшесі, тәуелсіз директор;
- Мырзатай Мақсат — сарапшы (дауыс беру құқығынсыз).
2024 жылғы 6 қыркүйектегі (№9 хаттама) Директорлар кеңесінің шешімімен Комитет құрамына өзгерістер енгізілді.
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Комитет құрамына кірген тұлғалар:
- Дамир Серкбайұлы Сүентаев — Комитет төрағасы, тәуелсіз директор;
- Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов — Комитет мүшесі, аға тәуелсіз директор;
- Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров — Комитет мүшесі, тәуелсіз директор;
- Манар Семейқанұлы Оразов– сарапшы (дауыс беру құқығынсыз).
2024 жылы Аудит жөніндегі комитеттің отырыстарына қатысу матрицасы
Аудит жөніндегі комитет мүшелері | 30.01.2024 | 26.02.2024 | 28.03.2024 | 26.04.2024 | 27.05.2024 | 25.06.2024 | 09.07.2024 | 28.08.2024 | 02.10.2024 | 05.11.2024 | 19.12.2024 | % |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Дамир Серкбайұлы Сүентаев — Комитет төрағасы, тәуелсіз директор | + | + | + | + | + | + | - | + | + | + | + | 91* |
Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов — Комитет мүшесі, аға тәуелсіз директор | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров — Комитет мүшесі, тәуелсіз директор | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
* «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Д.С. Сүентаев 2024 жылғы 9 шілдедегі отырысқа еңбек демалысында болуына байланысты қатысқан жоқ (сағат 11:00-де ұшақта ұшу үстінде болған). Алайда, сағат 15:00-де өткен Директорлар кеңесінің отырысына бейнебайланыс арқылы қатысты.
GRI 2-13
2024 жылы Комитет 11 нақты (очные) отырыс өткізіп, 63 мәселе қаралды.
Комитет Директорлар кеңесіне ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару, қаржылық есептілік мәселелері бойынша, оның ішінде «KEGOC» АҚ қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін сыртқы аудитор өкілдерімен кездесулерді қоса алғанда, ішкі аудит қызметі мен комплаенс қызметінің қызметі бойынша, сондай-ақ мүдделі тараптардың қатысуымен жасалатын және ірі мәмілелерді бекіту мәселелері бойынша ұсынымдар берді.
2024 жылдың ішінде сыртқы аудитор — «RSM Qazaqstan» ЖШС өкілдерімен 3 кездесу өткізілді. Бұл кездесулерде 2023 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша аралық аудит рәсімдерінің нәтижелері, 2023 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері, 2023 жылдың алты айына арналған аралық шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері және сыртқы аудитордың тәуелсіздігін растау мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, 2024 жылы Комитет мүшелері «KEGOC» АҚ комплаенс қызметі басшысының бос лауазымына үміткерді айқындау жөніндегі конкурстық комиссияның, сондай-ақ «KEGOC» АҚ компаниялар тобы үшін қаржылық есептілікке аудит жүргізу қызметтерін көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау және бірыңғай іріктеу рәсімін жүзеге асыру стратегиясын айқындау жөніндегі комиссияның отырыстарына қатысты.
2024 жылы мәселелерді қарау кезінде Директорлар кеңесінің Комитеттің жекелеген ұсыныстары мен ұсынымдарынан ауытқулары тіркелген жоқ.
2024 жылы Аудит жөніндегі комитеттің отырыстарында қаралған мәселелер, %

Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет
GRI 2-9, 2-10, 2-13
Комитеттің қызметі Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет туралы Ережемен реттеледі. Комитет өз қызметінде толығымен Директорлар кеңесіне бағынады.
Комитеттің барлық мүшелері жеткілікті білімге және, оның ішінде, практикалық тәжірибеге ие.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Комитеттің құрамына кірді:
- Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов — Комитет төрағасы, Аға тәуелсіз директор;
- Дамир Серкбайұлы Сүентаев — Комитет мүшесі, Тәуелсіз директор;
- Алмат Күнжолұлы Жәмиев — Комитет мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі;
- Сырым Сәкенұлы Төтебаев — Сарапшы (дауыс беру құқығынсыз).
2024 жылғы 21 мамырдағы (№5 хаттама) Директорлар кеңесінің шешімдеріне сәйкес Комитет құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Комитеттің құрамына кірді:
- Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов — Комитет төрағасы, Аға тәуелсіз директор;
- Дамир Серкбайұлы Сүентаев — Комитет мүшесі, Тәуелсіз директор;
- Мирас Қапарғалиұлы Кияков — Комитет мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі;
- Сырым Сәкенұлы Төетебаев — Сарапшы (дауыс беру құқығынсыз).
2024 жылы Тағайындау және сыйақы беру жөніндегі комитет отырыстарына қатысу матрицасы
Директорлар кеңесінің мүшелері | 30.01.2024 | 26.02.2024 | 28.03.2024 | 26.04.2024 | 27.05.2024 | 09.07.2024 | 28.08.2024 | 02.10.2024 | 05.11.2024 | 19.12.2024 | % |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов
Төраға, Аға тәуелсіз директор |
+ | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Дамир Серкбайұлы Сүентаев
Тәуелсіз директор |
+ | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Алмат Күнжолұлы Жәмиев
«Самұрық-Қазына» АҚ өкілі |
+ | + | + | + | 2 мамыр 2024 жылдан бастап өкілеттігі тоқтатылды | 100 | |||||
Мирас Қапарғалиұлы Қияқов
«Самұрық-Қазына» АҚ өкілі |
Директорлар кеңесінің мүшесі болмаған | + | + | + | + | + | + | 100 | |||
Барлығы | 100 |
GRI 2-13
2024 жылы Комитеттің 10 күндізгі отырысы өткізілді, онда 48 мәселе қаралды.
Есепті кезең ішінде Директорлар кеңесіне мынадай мәселелер бойынша ұсынымдар берілді: Директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды тағайындау/сайлау; Корпоративтік хатшы лауазымына кандидатураны қарау; Компанияның ұйымдық құрылымын бекіту; Менеджмент пулын іске асыру; Басқарма мүшелерінің қызметінің негізгі көрсеткіштерін және Корпоративтік хатшы мен Омбудсменнің мақсаттар картасын қарау; Басқарма, Омбудсмен және Корпоративтік хатшы үшін лауазымдық жалақы схемасын қарау; Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру жоспарын бекіту және басқа да мәселелер.
2024 жылы Директорлар кеңесі тарапынан Комитеттің жекелеген ұсыныстары мен ұсынымдарын қарау кезінде қабылданбау жағдайлары тіркелген жоқ.
2024 жылы ТСК отырыстарында қаралған мәселелер, %

Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитет
GRI 2-9, 2-10, 2-13
Комитеттің қызметі «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитет туралы Ережеге сәйкес реттеледі. Комитет өз қызметінде толығымен Директорлар кеңесіне есеп береді. Комитет төрағасы — тәуелсіз директор.
Комитеттің барлық мүшелері тиісті білім мен елеулі, оның ішінде практикалық тәжірибеге ие.
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Комитет құрамына кірді:
- Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев — Комитет төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі;
- Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов — Комитет мүшесі, Тәуелсіз директор;
- Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров — Комитет мүшесі, Тәуелсіз директор;
- Сырым Сәкенұлы Тютебаев — сарапшы (дауыс беру құқығынсыз).
2024 жылы Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитет отырыстарына қатысу матрицасы
Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитет мүшелері | 30.01.2024 | 26.02.2024 | 28.03.2024 | 26.04.2024 | 27.05.2024 | 28.08.2024 | 02.10.2024 | 05.11.2024 | 19.12.2024 | % |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев
Төраға, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі |
+ | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов
Аға тәуелсіз директор |
+ | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров
Тәуелсіз дирек |
+ | + | + | + | + | + | + | + | + | 100 |
Барлығы | 100 |
GRI 2-13
Есепті кезеңде Комитет 9 күндізгі отырыс өткізіп, 27 мәселе қаралды.
Комитет есепті кезеңде Директорлар кеңесіне келесі мәселелер бойынша ұсынымдар берді: жаңа редакциядағы Даму жоспарының (Стратегияның) жобасы; Іс-шаралар жоспарының (Бизнес-жоспардың), оның орындалуын мониторингтеу мен есеп беру мәселесі; ESG қағидаттарын жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарларының орындалуы туралы есептер; «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің жаңа редакциясы; ірі инвестициялық жобаларды іске асыру туралы; өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау бойынша; «KEGOC» АҚ ақпаратты ашу туралы есебі; Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы «жасыл» энергияны дамыту және жеткізу жобасын іске асыру шеңберінде Әзірбайжан Республикасында заңды тұлға құруға «KEGOC» АҚ-тың қатысуы туралы және басқа да мәселелер.
Директорлар кеңесінің кейбір ұсыныстары/ұсынымдары бойынша 2024 жылы қарау кезінде Директорлар кеңесі тарапынан қандай да бір ауытқулар тіркелген жоқ.
2024 жылы Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитет отырыстарында қаралған мәселелер, %

Кәсіби даму
GRI 2-17
2024 жылы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері кәсіби құзыреттілікті арттыру мен басқарушылық дағдыларды дамытуға бағытталған бірқатар іс-шараларға қатысты:
- 2024 жылғы 28 АҚпанда Директорлар кеңесінің мүшелері Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласында өткен «Жаңа әлемдегі даму жолдары» корпоративтік басқару форумына қатысты.
- 2024 жылғы 28 наурызда Директорлар кеңесінің мүшелері АХҚО-ның Trading Hall конференц-залында өткен Chapter Zero Kazakhstan ұйымының ресми ашылуына қатысты.
- 2024 жылғы 27 сәуірде Алматы қаласында Директорлар кеңесі, Басқарма және «KEGOC» АҚ басқарушы директорларының қатысуымен Стратегиялық сессия өткізілді.
- 2024 жылғы 2 мамырда Директорлар кеңесінің мүшелері «KEGOC» АҚ акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысына қатысты.
- 2024 жылғы 24 маусымда Алматы қаласында Директорлар кеңесі мүшелері үшін «Климаттық тәуекелдерді басқару» және «Электр желілік компанияда жасанды интеллектіні қолдану» тақырыптарында оқыту өткізілді.
- 2024 жылғы 27 маусымда Директорлар кеңесінің мүшелері үшін «ESG: жаңа халықаралық және қазақстандық реттеуші талаптар. Жауапкершілік пен міндеттемелер» тақырыбында оқыту өткізілді.
- 2024 жылғы 15 қазанда Директорлар кеңесінің мүшелері «Бизнес секторларының климаттық өзгерістерге бейімделудегі негізгі үрдістері» вебинарына қатысты.
- 2024 жылғы 7 қарашада Директорлар кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасының экономикасын ырықтандырудағы міндет ретіндегі «Корпоративтік басқару» Ұлттық форумына қатысты.
- 2024 жылғы 19 қарашада Астана қаласында AIX алаңында «KEGOC» АҚ-тың Эмитент күніне қатысты.
- 2024 жылғы 21 қарашада Алматы қаласында KASE алаңында «KEGOC» АҚ-тың Эмитент күніне қатысты.