Жылдық есебі / 2024
ДАМУ ЭНЕРГИЯСЫ

pdf Қаз Рус Eng
Cover 1

01

Компанияның қысқаша бейіні

GRI 2-1

«KEGOC» АҚ «Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі №1188 қаулысына сәйкес құрылған және Қазақстан Республикасының ҰЭТ-ын басқаратын және Қазақстан Республикасы БЭЖ-дің Жүйелік операторы мәртебесi берілген Компания болып табылады. Компанияның бастапқы мемлекеттік тіркеуден өткен күні — 1997 жылғы 11 шілде.

15 294 118

жай акция

2024 жылы «KEGOC» АҚ-ның SPO аясында орналастырылды

85%

Компания акцияларының жалпы саны «Самұрық-Қазына» АҚ-ның үлесін құрайды

«KEGOC» АҚ өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырады. 2006 жылға дейін «KEGOC» АҚ акцияларының 100%-ы мемлекет меншігінде болды. 2006 жылы акциялардың мемлекеттік пакеті (100%) «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ орналастырылатын акцияларының төлемі ретінде берілді. 2008 жылы «Қазына» орнықты даму қоры» және «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамдарын біріктіру арқылы «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының құқықтық мұрагері болып табылатын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылды. 2014 жылғы 18 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы аясында KASE-де Компанияның жарияланған 25 999 999 жай акциясы жазылым жүргізу жолымен орналастырылды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жекешелендірудің 2021–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру үшін 2023 жылы 15 294 118 жай акцияны орналастыру арқылы SPO «KEGOC» АҚ жүргізілді. Осылайша, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның үлесі Компания акцияларының жалпы санының 85%-ын құрайды.