Корпоративтік басқару

05
Кері байланыс механизмдері
GRI 2-26
«Самұрық-Қазына» АҚ-та, соның ішінде«KEGOC» АҚ бойынша да, портфельдік компаниялардың мүдделі тараптарымен өзара әрекеттесу мақсатында «Жедел желі» қызметі ұйымдастырылған. «KEGOC» АҚ-ның барлық мүдделі тұлғаларына заңнама, реттеуші талаптар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық және этика мәселелеріне қатысты ішкі саясаттар мен рәсімдердің нақты немесе болжамды бұзушылықтары туралы өз алаңдаушылығын білдіруге мүмкіндік беріледі.
Бұл ретте хабарламаны құпия түрде және анонимді жолдауға болады. Барлық өтініштердің 100%-ын қарау, құпиялылық пен анонимділік кепілдендіріледі. «Жедел желінің» жұмыс уақыты — тәулік бойы, аптасына 7 күн.
2024 жылы «KEGOC» АҚ-ға бағытталған жедел желі арқылы 25 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер бойынша мұқият тергеу жүргізілді:
- 15 өтініш бойынша бұзушылықтар расталмады;
- 3 өтініш бойынша фактілер ішінара расталды;
- 7 өтініш бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бұзушылықтарды жою шаралары қабылданды.
2024 жылы сыбайлас жемқорлық белгілері бар бұзушылықтар расталған жоқ.
Барлық өтініштер мен қабылданған шаралар туралы комплаенс қызметінің басшысы тоқсан сайынғы есептер аясында Компанияның Директорлар кеңесін хабардар етті.
2024 жылы анықталған бұзушылықтардың жіктелімі
Бұзушылық санаты | Өтініштер саны |
---|---|
Этикалық бұзушылықтар, мүдделер қақтығысы және еңбек қатынастары саласындағы бұзушылықтар | 13 |
Заңнамалық және ішкі талаптарға сәйкес келмеу | 5 |
Ұрлық, алаяқтық және деректерді бұрмалау | 3 |
Сыбайлас жемқорлық белгілері бар бұзушылықтар | 2 |
Басқа | 1 |
Еңбек қауіпсіздігі және экология | 1 |
GRI 415-1
«KEGOC» АҚ тікелей немесе еншілес және тәуелді ұйымдар, сондай-ақ Компанияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері арқылы саяси науқандар мен ұйымдарды, сауда қауымдастықтарын, салықтан босатылған ұйымдарды немесе саяси науқандарға не мемлекеттік саясат пен заңнамаға ықпал ететін басқа да топтарды қаржыландырмайды және лобби жасамайды.