
04
Тұрақты дамуды басқару
Тұрақты даму саласындағы негізгі оқиғалар

87%
Әлеуметтік тұрақтылық индексінің (SRS)

55/100
S&P Global CSA ESG рейтингі
2024 жылғы 28 мамырдағы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «KEGOC» АҚ-тың 2023–2032 жылдарға арналған жаңартылған Даму жоспары (Стратегиясы) бекітілді.
2024 жылғы 26 желтоқсанда Басқарманың шешімімен TCFD (ask Force on Climate-related Financial Disclosures) ұсынымдарына сәйкес «KEGOC» АҚ-тың 2025–2060 жылдарға арналған Климаттық бағдарламасы бекітілді.
2024 жылы «KEGOC» АҚ адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестікті және корпоративтік жауапкершілікті күшейту шеңберінде Адам құқықтары саласындағы саясатты әзірлеу бойынша жұмыс жүргізді. 2025 жылғы 31 наурызда бұл Саясат «KEGOC» АҚ Басқармасының шешімімен ресми түрде бекітілді.
«KEGOC» АҚ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың портфельдік компаниялары арасында әлеуметтік тұрақтылық бойынша көшбасшы деп танылды. Әлеуметтік тұрақтылық индексінің (SRS) деңгейі — 87%.
«KEGOC» АҚ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың портфельдік компаниялары арасында 2023 жылғы өндірістік қауіпсіздік саласындағы жетістіктері үшін бірінші орынды иеленді.
«KEGOC» АҚ тұрақты даму саласында елеулі ілгерілеуге қол жеткізді, бұл S&P Global тәуелсіз рейтинг агенттігімен расталды. 2025 жылғы 31 қаңтардағы бағалау нәтижесі бойынша Компания S&P Global CSA ESG рейтингінде 55/100 ұпай жинады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен (51 балл) 4 тармаққа жоғары. АҚпаратты ашу деңгейі «Өте жоғары» деп танылды, бұл «KEGOC» АҚ ESG тәжірибесінің айқындылығы мен толықтығын көрсетеді.

Тұрақты дамуды басқару құрылымы
«KEGOC» АҚ өз қызметінің экономикаға, экологияға және қоғамға тигізетін әсерінің маңыздылығын жақсы түсінеді және ұзақ мерзімді құндылықты арттыруға ұмтыла отырып, өз қызметін тұрақты даму қағидаттарына сәйкес жүргізуді қамтамасыз етеді. Бұл мақсатта Компания экологиялық (E), әлеуметтік (S) және корпоративтік басқару (G) мақсаттарының өзара үйлесімділігін қамтамасыз етеді.
«KEGOC» АҚ тұрақты даму қағидаттарын жетілдіру бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізуде. Бұл жұмыс ESG қағидаттарына, соның ішінде корпоративтік басқаруға бағытталған және келесі аспектілерді қамтиды: экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікті қамтамасыз ету, акционерлердің құқықтарын тиімді іске асыру, акционерлерге әділ қарау, теңгерімді дивидендтік саясат, Директорлар кеңесі мен Басқарманың тиімді қызметі, мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жүйесі, Компания туралы АҚпаратты мүдделі тараптарға тиісінше ашу, сондай-ақ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жетілдіру.
«KEGOC» АҚ тұрақты даму қағидаттары
-
Жасыл инфрақұрылымды дамыту
«KEGOC» АҚ жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) интеграциялауға және жүйенің энергия тиімділігін арттыруға ықпал ететін электр желілерін салу мен жаңғыртуға белсенді түрде инвестиция салуда. -
Еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғау басымдығы
Компания еңбек жағдайларын жақсарта отырып және жұмыс орындарындағы тәуекелдерді азайта отырып, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын енгізуді жалғастыруда және «Vision Zero» (нөлдік жарақаттану) тұжырымдамасына бейілді. -
Жауапты жеткізілім тізбегі
«KEGOC» АҚ тұрақтылық қағидаттарын ұстанатын жеткізушілермен ынтымақтасады, бұл сала деңгейінде тұрақты іскерлік тәжірибелерді дамытуға үлес қосады. -
Экологиялық басқару
«KEGOC» АҚ ресурстарды ұтымды пайдалану және қалдықтарды кәдеге жарату мониторингі жүйелерін енгізу арқылы экологиялық жауапкершілік саласындағы ұстанымын нығайтып келеді. -
Қызметкерлердің әл-ауқатына назар аудару
Компания қолайлы және қауіпсіз еңбек ортасын құруға, әлеуметтік қолдау бағдарламаларын іске асыруға және қызметкерлердің жоғары қатысу деңгейін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. -
Адами капиталға инвестиция салу
«KEGOC» АҚ-да қызметкерлердің құзыреттері мен мансаптық мүмкіндіктерін дамытуға ықпал ететін үздіксіз оқыту және кәсіби даму жүйесі жұмыс істейді.
«KEGOC» АҚ-тың тұрақты дамуды басқару құрылымы
Директорлар кеңесі
Компания қызметінің бағыттарын айқындайды, даму стратегиясын бекітеді, мақсаттар мен міндеттерді, сондай-ақ оларға қол жеткізу көрсеткіштерін белгілейді.
Басқарма
Директорлар кеңесі қойған мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитет
Компания қызметінің бағыттарын айқындайды, даму стратегиясын бекітеді, мақсаттар мен міндеттерді, сондай-ақ оларға қол жеткізу көрсеткіштерін белгілейді.
Тұрақты даму және біріктірілген менеджмент жүйесі жөніндегі үйлестіру кеңесі
Басқармаға тұрақты дамуды және БМЖ-ны (Біріктірілген Менеджмент Жүйесі) жетілдіру бойынша ұсынымдар береді.
Компания тұрақты даму саласындағы басқару жүйесін дәйекті түрде жетілдіріп, ESG қағидаттарын корпоративтік басқарудың барлық деңгейлеріне біріктіруде. Тұрақты даму мәселелері Директорлар кеңесінің тұрақты бақылауында болады. Директорлар кеңесі негізгі саясаттарды бекітеді, бастамалардың іске асырылуын қадағалайды және Компания қызметінің тұрақты даму қағидаттарына стратегиялық сәйкестігін қамтамасыз етеді:
- тұрақты даму саласындағы Компанияның стратегиялық бағдарларын мен басымдықтарын қалыптастырады;
- ESG бағыттары бойынша есептілікті қарайды және бекітеді;
- тұрақтылық қағидаттарын операциялық қызметке енгізу үдерісін бақылайды;
- климаттық тәуекелдерді қоса алғанда, тұрақты даму саласындағы тәуекелдерді басқаруды жүзеге асырады.
Тұрақты даму саласындағы қызмет нәтижелері туралы есептер Директорлар кеңесіне тұрақты түрде (жыл сайын және тоқсан сайын) ұсынылады.
Сонымен қатар, тұрақты даму саласындағы басқару мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуді, «KEGOC» АҚ-ның басқарудың интеграцияланған жүйесін (БИЖ) әзірлеуді, енгізуді және жұмыс істеуін, сондай-ақ менеджмент жүйелерінің тиімділігін үнемі арттыруды қамтамасыз ету мақсатында Компания Басқармасының жанында кеңесші-кеңестік орган — Тұрақты даму және БИЖ жөніндегі үйлестіру кеңесі жұмыс істейді. Бұл кеңестің төрағасы — «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.
Үйлестіру кеңесінің құрамына барлық басқарушы директорлар мен еншілес ұйымдардың басшылары кіреді.
Үйлестіру кеңесінің тұрақты даму мәселелері бойынша негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
- тұрақты даму саласындағы қағидаттарды ілгерілету мен сақталуын қамтамасыз ету;
- тұрақты даму саласындағы басқару мәселелері бойынша іс-шараларды жоспарлау, жауапкершілікті айқындау, мониторинг жүргізу, сондай-ақ мүдделі тараптарға ұсынылатын тұрақты даму саласындағы қызмет туралы АҚпараттың мазмұнын айқындауды қамтамасыз ету.
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл
GRI 2-29
«KEGOC» АҚ мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды тұрақты даму саласындағы қызметінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Компания мемлекеттік органдардың, инвесторлардың, қызметкерлердің, іскерлік серіктестердің, жергілікті қауымдастықтардың және басқа да стейкхолдерлердің өкілдерімен ашық әрі жүйелі диалог жүргізу Компанияның белгіленген стратегиялық мақсаттарға сәйкес дамып келе жатқан тиімді ұйым ретіндегі оң имиджін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын мойындайды.
«KEGOC» АҚ Басқармасы мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл тетіктерінің іске асырылуына Компанияның корпоративтік құжаттарына сәйкес жауап береді. Стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл ішкі құжаттар негізінде жүзеге асырылады, оған Коммуникациялық бағдарлама, мүдделі тараптармен коммуникациялар жоспары және «KEGOC» АҚ стейкхолдерлер картасы кіреді.
Коммуникациялық бағдарламаға сәйкес, Компания мүдделі тараптармен өзара іс-қимылда мынадай негізгі қағидаттарды басшылыққа алады:
- Ашықтық және қолжетімділік — Компания өз қызметі, электр энергетикасы саласындағы рөлі және даму бағыттары туралы жоғары деңгейде АҚпараттандырылуға ұмтылады.
- Тұрақтылық және өзектілік — Компания өз қызметінің нәтижелері мен негізгі өзгерістері туралы тұрақты түрде есеп береді.
- Хабардарлық және қолдау — Компания негізгі мүдделі тараптармен ашық диалог жүргізіп, маңызды мәселелерді талқылауға олардың қатысуын қамтамасыз етеді.
- Құрмет пен мүдделерді ескеру — Компания шешім қабылдау кезінде мүдделі тараптардың пікірлері, үміттері мен қалауларына назар аударады.
Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай жағдайлар маңызды болып табылады:
- мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл саясатының тиімді жұмыс істеуі;
- барлық мүдделі тараптармен ашық және өзара тиімді ынтымақтастыққа қол жеткізу;
- даму стратегиясын іске асыру барысында барлық нақты тәуекелдерді барынша азайту және жою бойынша Компания қабылдайтын шараларды стейкхолдерлердің түсінуіне қол жеткізу;
- Компания қызметі туралы сенімді АҚпарат көзі ретінде қалыптасу және «KEGOC» АҚ қызметі туралы нақты АҚпаратты мақсатты стейкхолдер топтарына жедел жеткізуді қамтамасыз ету.
«KEGOC» АҚ барлық құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп анықтаған мүдделі тараптар топтарын, сондай-ақ олардың Даму стратегиясы мақсаттарына қол жеткізуге әсер ету дәрежесін және Компания қызметінің оларға әсер етуін бес балдық шкала бойынша бағалады. Бұл ретте, талдау қорытындыларын шығару кезінде нақты стейкхолдер топтарымен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын құрылымдық бөлімшелер — «сарапшылардың» пікірлеріне ерекше назар аударылды.
«KEGOC» АҚ осы топтармен тұрақты ашық диалог жүргізіп, оның ішінде тұрақты даму саласындағы қызметіне қатысты АҚпаратты жүйелі түрде жариялап отырады.
Жоспарланған қызметті іске асыру барысында Компания қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) рәсімі шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті қауымдастықтармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады. Өзара іс-қимыл халықты жергілікті БАҚ және АҚпараттық стендтер арқылы жоспарланған жоба және алдағы қоғамдық тыңдаулар туралы алдын ала хабардар етуден басталады. Құжаттама әзірлеу кезеңінде жоба, оның әлеуетті экологиялық және әлеуметтік әсерлері және оларды азайту жөніндегі ұсынылған шаралар туралы АҚпарат ұсынылатын ашық тыңдаулар өткізіледі. Тыңдауларға жергілікті қауымдастықтардың, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады. Талқылау барысында келіп түскен барлық ескертулер мен ұсыныстар тіркеліп, жобаға түзетулер енгізу кезінде ескеріледі.
Компания ескертулерді қарау нәтижелері бойынша кері байланысты қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда халықпен қосымша консультациялар өткізеді. Жобаны іске асыру кезеңінде, әсіресе әсерді мониторингтеу және туындайтын тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша қауымдастықтармен тұрақты диалог жүргізіледі. Консультациялар жоспарлы түрде, сондай-ақ мүдделі тараптардың сұранысы бойынша немесе жобада елеулі өзгерістер болған жағдайда, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік сипаттағы оқиғалар туындаған кезде өткізіледі.
«KEGOC» АҚ стейкхолдерлер картасы

2024 жылғы мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл нәтижелері
GRI 2-29, 2-26

Акционерлер
Өзара іс-қимыл мақсаттары
Компания акционерлерімен өзара іс-қимылды корпоративтік басқару кодексі мен жарғыда көзделген акционерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және құрметтеуге бағыттайды.
Өзара іс-қимыл арналары
- Жыл сайынғы есептер; акционерлердің жалпы жиналыстары;
- республикалық және өңірлік БАҚ және Компания сайты;
- сұрауларға жауаптар;
- акционерлермен және инвесторлармен кездесулер, дөңгелек үстелдер, презентациялар роуд-шоулар.
2024 жылғы нәтижелер
- AIX және KASE алаңдарында «KEGOC» АҚ эмитент күні өткізілді.
- 2024 жылы акционерлердің 2 жалпы жиналысы өткізілді.

Қаржыландырушы топтар
Өзара іс-қимыл мақсаттары
Компания өз қаржылық міндеттемелерін толық әрі уақытылы орындайды және өзара сенімге негізделген ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа ұмтылады.
Өзара іс-қимыл арналары
- Жыл сайынғы есептер;
- дөңгелек үстелдер, саммиттер;
- Компанияның веб-сайты;
- KASE-дегі АҚпарат.
2024 жылғы нәтижелер
- «KEGOC» АҚ пен Азия даму банкі Оңтүстік аймақтың электр желісін күшейту жобасын іске асыру үшін 58,2 млрд теңге сомасына қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.
- ЕҚДБ мен Қазақстан Даму Банкімен де несие келісімдері жасалды.

Билік және қадағалаушы органдар
Өзара іс-қимыл мақсаттары
Компания стратегиялық маңызы бар нысан ретінде мемлекет алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, заңнама талаптарын және этикалық міндеттемелерді сақтауға ұмтылады.
Өзара іс-қимыл арналары
- Жыл сайынғы есептер;
- корпоративтік іс-шаралар;
- республикалық және өңірлік БАҚ және Компанияның сайты;
- Компания басшылығының жеке кездесулері;
- саммиттерге, ведомствоаралық және үкіметаралық кеңестерге қатысу.
2024 жылғы нәтижелер
- Жобалау кезінде ҚОӘБ шеңберінде экологиялық рұқсаттар алынды.
- ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2024 жылғы 11 қыркүйектегі №82-ОД бұйрығымен реттелетін қызметтер тарифтерін түзетуді бекітті.

Кәсіби және сараптамалық ұйымдар, ҮЕҰ, БАҚ
Өзара іс-қимыл мақсаттары
Компания электр энергетикасын дамыту бойынша интеграцияны тереңдету тетіктеріне және үйлестірілген стратегияны әзірлеуге ерекше назар аудара отырып, ұлттық және халықаралық салалық ұйымдарға белсенді қатысады. БАҚ-та оң бедел қалыптастырады.
Өзара іс-қимыл арналары
- Жыл сайынғы есептер;
- Компанияның веб-сайты;
- баспасөз релиздері, конференциялар мен брифингтер (БАҚ);
- баспасөз турлары;
- серіктестермен және инвесторлармен кездесулер;
- сараптамалық және кәсіби қауымдастықтар шеңберіндегі жұмыс;
- әлеуметтік желілер.
2024 жылғы нәтижелер
- KASE алаңында «Эмитент күні» аясында БАҚ өкілдері мен инвесторлар үшін брифингтер мен кездесулер өтті.
- Masdar 1000 МВт ЖЭС жобасы бойынша келісімдерге қол қойылды. CPIH, Acwa Power, Total, Hevel сияқты серіктестермен жұмыс жүргізілді.

Жеткізушілер
Өзара іс-қимыл мақсаттары
Компания тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ашықтық, сапа, тең қолжетімділік, адал бәсеке, есептілік және делдалдардың қатысуын азайту қағидаттарын басшылыққа алады.
Өзара іс-қимыл арналары
- Қазақстандық іскерлік БАҚ;
- Компанияның веб-сайты;
- жыл сайынғы есептер;
- нақты сұраулар бойынша АҚпарат беру;
- Zakup.sk.kz ресми порталы.
2024 жылғы нәтижелер
- China Energy International Group-пен электр желілерін дамыту жөніндегі меморандумға қол қойылды; жер қойнауын пайдаланушылармен кездесу өтті.
- 2024 жылы 19,5 млрд теңгеге оффтейк-шарттар жасалды.

Тұтынушылар
Өзара іс-қимыл мақсаттары
Компания тұтынушыға бағдарлану қағидатын енгізіп, тұтынушылардың талаптарын анықтау мен орындау тетігін қамтамасыз еткен.
Өзара іс-қимыл арналары
- Компанияның веб-сайты;
- жыл сайынғы есептер;
- нақты сұраулар бойынша АҚпарат беру;
- тұсаукесерлер, конференциялар, іскерлік кездесулер;
- қызметтерге тұтынушылардың қанағаттануын бағалау сауалнамалары.
2024 жылғы нәтижелер
- ЕҚДБ қаржысына жүзеге асырылатын Батыс Қазақстан энергожүйесін біріктіру жобасы аясында ашық есік күндері өткізілді.
- қанағаттану деңгейі — 95%.

Персонал
Өзара іс-қимыл мақсаттары
Компания өз қызметкерлерін құрметтейді, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларын, лайықты жалақы мен әлеуметтік жеңілдіктерді, кәсіби оқыту мен дамуды қамтамасыз етеді.
Өзара іс-қимыл арналары
- Компанияның веб-сайты;
- ішкі портал;
- корпоративтік басылымдар (газет, жаңалықтар дайджесті және т.б.);
- ақпараттық стендтер;
- топ-менеджментпен кездесулер (таунхоллдар, есеп беру кездесулері, т.б.);
- сауалнамалар;
- корпоративтік іс-шаралар; БАҚ;
- Омбудсмен институты.
2024 жылғы нәтижелер
- Директорлар кеңесінің мүшелері кадр резервімен кездесті.
- әлеуметтік тұрақтылық деңгейі — 87%.
- WhatsApp-та «Online KEGOC» тобы құрылды.
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақы 15%-ға көтерілді.
- Омбудсмен 9 филиалға барды.

Еншілес ұйымдар
Өзара іс-қимыл мақсаттары
Компания корпоративтік басқарудың тиімді тетіктеріне негізделген еншілес ұйымдардың теңгерімді дамуына ұмтылады.
Өзара іс-қимыл арналары
- Еншілес ұйымдар басшылығымен және ұжымымен кездесулер;
- қоғамдық тыңдаулар;
- офлайн және онлайн конференциялар;
- корпоративтік іс-шаралар.
2024 жылғы нәтижелер
- «Энергоинформ» АҚ және «Батыс транзит» АҚ-дағы директорлар кеңесінің отырыстарына Компания өкілдері қатысты.
- Омбудсмен 9 филиалда кездесу өткізді.

Көршілес мемлекеттердің энергожүйелері
Өзара іс-қимыл мақсаттары
Компания Қазақстан Республикасы мен көршілес елдердің энергожүйелерінің параллель жұмысы үшін өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ұмтылады.
Өзара іс-қимыл арналары
- Компанияның веб-сайты;
- Директорлар кеңесінің мүшелеріне отырыстар мен кездесулер туралы хабарламалар;
- келіссөздер туралы АҚпараттандыру;
- КЭС ОА, ЭЭС ТМД және басқа халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;
- көршілес энергожүйелермен параллель жұмыс істеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу.
2024 жылғы нәтижелер
- Компания Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей энергожүйелері басшыларының кеңесіне және КЭС отырысына қатысты.
Серіктестік
GRI 2-28

«Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі («ҚЭҚ» ЗТБ, www.kea.kz), негізгі міндеттері келесідей:
- қызметі электр энергетикасы саласына тікелей немесе өзге жолмен байланысты барлық ұйымдарға қолдау көрсету;
- электр энергетикалық салаға қатысты мемлекеттік бағдарламаларды, заңдар мен нормативтік актілерді әзірлеуге қатысу;
- саланың мүдделері Үкіметтің, сот және өзге де органдардың шешімдеріне тәуелді мәселелерде өз мүшелерінің ұстанымдарын қолдау және қорғау.

«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі («KazEnergy» ЗТБ www.kazenergy.com) негізгі мақсаттары келесідегідей:
- өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік органдарда қорғау, заңнамалық базаны үйлестіру;
- жер қойнауын пайдаланушылар, электр энергиясын өндірушілер, энергетика секторының өнімдері мен қызметтерін тасымалдаушылар мен тұтынушылар үшін біртұтас АҚпарат алаңын құру;
- жергілікті, өңірлік және халықаралық деңгейде сала ішіндегі ынтымақтастық пен кәсіпкерлік жобаларын дамыту мен қолдау;
- «KazEnergy» ЗТБ, оның мүшелері мен жалпы саланың оң беделін өңірлік және ғаламдық деңгейде тарату;
- қазақстандық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және ғылыми-техникалық белсенділігін ынталандыру.

«Атамекен» ҰКП (www.atameken.kz), бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау және бизнес жұмысы ережелерінің заңнамалық және басқа да нормативтік қағидаларын қалыптастыру процесіне барлық кәсіпкерлерді кеңінен қамтуды және тартуды қамтамасыз ету негізгі міндеті болып табылады.

Бәсекелестік пен тауар нарықтарын дамыту қауымдастығы (www.ark.org.kz)— бұл қауымдастықтың негізгі міндеті — бәсекелестік пен тауар нарықтарын дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдарда, өкілетті құрылымдарда, халықаралық және қоғамдық ұйымдарда ортақ мүдделерді білдіру және қорғау, өзінің мүшелерінің мүддесі үшін монополияға қарсы заңнамаға қажетті өзгерістерді бастамалау және алға жылжыту, нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу, тәжірибе алмасу мақсатында халықаралық үкіметтік емес байланыстарды дамыту, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шараларды өткізу, сондай-ақ бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамытуға, монополияға қарсы заңнаманы бұзудың алдын алуға жәрдемдесу.
Сонымен қатар, «KEGOC» АҚ шектес елдермен тиімді электр энергетикалық нарық құруға жәрдемдесу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында мынадай халықаралық салалық ұйымдардың жұмысына үнемі қатысып тұрады:
- ТМД электр энергетикалық кеңесі;
- Жоғары кернеулі үлкен электр жүйелері жөніндегі Халықаралық кеңес (Conseil International des Grands Réseaux Électriques — CIGRE);
- Еуразиялық экономикалық комиссия (Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы);
- Дүниежүзілік энергетикалық кеңес;
- Орталық Азияның үйлестіруші электр энергетикалық кеңесі (ОА ҮЭК).