Жылдық есебі / 2024
ДАМУ ЭНЕРГИЯСЫ

pdf Қаз Рус Eng
Cover 1

01

Қуат

GRI 2-6, SASB IF-EU-000.C

2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша «KEGOC» АҚ активтері

38 893,6

МВА

трансформаторлардың белгіленген қуаты

31.12.2024 ж. «KEGOC» АҚ ҚС қуаты және саны, МВА

Компанияның негізгі активі — Ұлттық электр торабы (ҰЭТ). 2024 жылдың соңында ҰЭТ құрамына габариті 0,4–1150 кВ, жалпы ұзындығы (тізбектер бойынша) 27 905,418 км болатын 398 әуе желісі (ӘЖ) және кернеуі 35–1150 кВ, трансформаторлардың белгіленген қуаты 38 893,6 МВА болатын 83 қосалқы станция (ҚС) кіреді. Олар электр энергиясының трансшекаралық ағындарын қамтамасыз ету, электр станцияларынан электр энергиясын жеткізу және өңірлік электр энергетикалық компаниялар мен ірі тұтынушылар арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

31.12.2024 ж. «KEGOC» АҚ ӘЖ ұзындығы, км