1 қаңтар
«KEGOC» АҚ әлеуметтік тұрақтылықтың жоғары рейтингін 86% деңгейінде растады
30 қаңтар
2023 жылға арналған «жасыл» облигациялар бойынша «KEGOC» АҚ есебі АХҚО-ның Green Finance Centre орталығымен сәтті верификациядан өтті
1 АҚпан
Fitch «KEGOC» АҚ рейтингін «BBB» деңгейіне көтерді, болжамы — «Тұрақты»
9 АҚпан
«KEGOC» АҚ және KPMG командасы Blue Prism платформасында жүзеге асырған RPA жобасы Global CIO ұйымдастырған Project of the Year байқауында үздік роботтандыру жобасы деп танылды
9 АҚпан
Moody’s «KEGOC» АҚ рейтингін BAA2 деңгейінде растады, болжамы — «оң»
19 АҚпан
«KEGOC» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы арасында өндірістік қауіпсіздік саласындағы көшбасшы деп танылды
29 АҚпан
«KEGOC» АҚ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей энергетикалық жүйелерінің басшыларының отырысына қатысты
12 наурыз
KASE байқауының қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ «SPO-ны сәтті өткізгені үшін» номинациясының лауреаты атанды
15 наурыз
Standard & Poor’s «KEGOC» АҚ несиелік рейтингін растады
8 сәуір
«KEGOC» АҚ су тасқыны салдарын жоюға белсенді қатысты. Электр желілері нысандарында қалпына келтіру жұмыстарына 107 кешенді бригада жұмылдырылды
25 сәуір
Тұтынушылар мен мүдделі тараптар алдында 2023 жыл қорытындысы бойынша тарифтік сметаның, инвестициялық бағдарламаның орындалуы, реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау және табиғи монополия субъектілерінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жария тыңдаулар өткізілді
2 мамыр
«KEGOC» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында 2023 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылға арналған қаржылық есептілік бекітілді. Акционерлер 2023 жылғы таза кірістің 97%-ын дивидендтерге бөлу туралы шешім қабылдады
17 мамыр
«KEGOC» АҚ батыс энергия торабының сенімді электрмен жабдықталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен кездесу өткізді
23 мамыр
«KEGOC» АҚ Орталық Азияның Электроэнергетикалық үйлестіру кеңесінің 41-отырысында Қазақстанның энергия жүйесінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысы туралы есеп ұсынып, 2024–2025 жж. күзгі-қысқы кезеңде Орталық Азия энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын талқылауға қатысты
28 мамыр
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Компанияның жаңартылған стратегиясын бекітті
30 мамыр
«KEGOC» АҚ 2023 жылдың екінші жартыжылдығы үшін дивидендтер төледі
4 маусым
Астана қаласындағы AIX алаңында «KEGOC» АҚ эмитент күні гибридті форматта (онлайн-офлайн) өтті
7 маусым
Алматы қаласындағы KASE алаңында «KEGOC» АҚ эмитент күні өтті
13 маусым
«KEGOC» АҚ және ENI Маңғыстау облысындағы алғашқы гибридті электр станциясын Қазақстанның Ұлттық электр торабына қосу жоспарларын талқылады
2–4 шілде
«KEGOC» АҚ және China Energy International Group электр желілерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, болашақтағы өзара іс-қимылды талқылады
19 шілде
«KEGOC» АҚ және Азия даму банкі Қазақстанның Оңтүстік аймағының Біртұтас энергетикалық жүйесі электр желісін күшейту жобасын іске асыру үшін 58,2 млрд теңге сомасына қаржыландыру туралы келісімге қол қойды
6 тамыз
«KEGOC» АҚ Орталық Азия энергетика министрлерінің алғашқы кездесуіне қатысты
28 тамыз
«KEGOC» АҚ және MASDAR Жамбыл облысында қуаты 1000 МВт болатын ЖЭК салу жобасын іске асыру мәселелерін талқылады
9 қыркүйек
«KEGOC» АҚ Қазақстанның Батыс өңірін Біртұтас энергетикалық жүйемен біріктіру жобасын іске асыруды бастады
9 қыркүйек
«KEGOC» АҚ және Азия даму банкі Қазақстанның жаңартылатын энергия көздеріне көшуін қолдау туралы меморандумға қол қойды
10 қыркүйек
«KEGOC» АҚ және Hitachi Energy ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
11 қыркүйек
Moody’s Ratings «KEGOC» АҚ рейтингін «Baa1» деңгейіне көтерді, болжамы — «Тұрақты»
20 қыркүйек
«KEGOC» АҚ және Siemens Energy Қазақстан-Герман бизнес-форумында ынтымақтастық перспективаларын талқылады
11 қазан
«KEGOC» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында 2024 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айға арналған қаржылық есеп бекітілді. Акционерлер 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы таза кірістің 64,5%-ын дивидендтерге бөлу туралы шешім қабылдады
17 қазан
«KEGOC» АҚ Электроэнергетикалық үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты
4 қараша
«KEGOC» АҚ 2024 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін акциялар бойынша дивидендтер төледі
5 қараша
Француздық ASSYSTEM компаниясы «KEGOC» АҚ үшін қосалқы станция жабдығының цифрлық егізін әзірлейді
19 қараша
Астана қаласындағы AIX алаңында «KEGOC» АҚ эмитент күні өтті
21 қараша
Алматы қаласындағы KASE алаңында «KEGOC» АҚ эмитент күні гибридті форматта өтті
3 желтоқсан
«KEGOC» АҚ пен Еуропалық Қайта құру және даму банкі арасында несиелік келісім және АО «Қазақстан Даму Банкімен» несиелік желіні ашу туралы келісімге қол қойылды. Келісімдер Батыс Қазақстан энергия жүйесін Біртұтас энергетикалық жүйемен біріктіру жобасын іске асыруға бағытталған.
19 желтоқсан
«KEGOC» АҚ қор нарығына шыққанына 10 жыл толуын атап өтті. IPO-дан бері төленген дивидендтердің жалпы сомасы 282 млрд теңгені құрады
30 желтоқсан
«KEGOC» АҚ 2024 жылы 19,5 млрд теңге сомасына оффтейк-келісімшарттар жасасты