Жылдық есебі / 2024
ДАМУ ЭНЕРГИЯСЫ

pdf Қаз Рус Eng
Cover 1

01

Миссия және құндылықтар

Компанияның пайымы

«Энергетикалық ауысу жағдайында болашақтың энергетикалық жүйесі мен нарықты өзгертуге үлес қосып, экономиканың өсіп бара жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ететін және инфрақұрылымды жоспарлау және таза энергияны дамыту арқылы тұрақты электр энергетикалық жүйесін дамытуға үлес қосатын Қазақстан Ресубликасы БЭЖ-інің Жүйелік операторы».

Компанияның миссиясы

Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесінің сенімділігін, қолжетімділігі мен озық дамуын қамтамасыз ету.

Даму жоспары (Стратегия) Компанияның ұзақ мерзімді тұрақты дамуына бағытталған, энергетикалық ауысумен және ЖЭК энергетикалық жүйеге бірігуімен байланысты жаһандық трендтердің әсерін есепке алады, экономиканы көміртексіздендіруге байланысты процестерді және елдегі экономикалық өсуді қамтамасыз етуді, Қазақстанда орта мерзімді келешекте электр энергиясы мен қуаты тапшылығының туындау мәселелерін шешу қажеттілігін, заманауи инновациялық және цифрлық технологияларды, ҒЗТКЖ-ны енгізуді, ESG қағидаттарына бейілділікті ескереді.