
07
6-қосымша. Қаржылық есептілік
2024 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін шоғырландырылған қаржылық есептілікпен мына сілтеме бойынша толық танысуға болады: https://www.kegoc.kz/upload/iblock/6ae/eap0pbpcihp0mru7e49net6874f75nw0.pdf
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша және сол күнмен аяқталған жыл бойынша қаржылық нәтижелерге қатысты Басшылық түсіндірмелерімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.kegoc.kz/upload/iblock/772/gx92xrka65xuc9cp7j1lezn8ltvm7u94.pdf
АО «KEGOC» Директорлар кеңесімен бекітілген 2024 жылға арналған Тәуекелдер тізілімінде «Қаржылық есептілікте дұрыс емес АҚпаратты көрсету тәуекелі» қамтылған, ол негізгі болып табылмайды және «KEGOC» АҚ Тәуекелдер картасының «жасыл аймағында» орналасқан. 2024 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау кезінде бұл тәуекел жүзеге асырылған жоқ.
«KEGOC» АҚ тобының қаржылық есептілігінде дұрыс емес АҚпаратты көрсету тәуекелін азайту мақсатында келесі алдын алу шаралары тұрақты түрде іске асырылады:
- қызметкерлерді оқыту;
- құқықтық АҚпарат деректер базасын бақылау;
- тәуелсіз аудиторлық ұйыммен қаржылық есептілікті аудиттен өткізу;
- есепке алу жүйесіне деректерді енгізуге көп деңгейлі бақылау орнату;
- «KEGOC» АҚ құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдар тарапынан сенімді бастапқы АҚпарат ұсынуға бақылау жасау.
Сонымен қатар, қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезінде тәуелсіз аудиторлық ұйым:
- шоғырландырылған қаржылық есептіліктің елеулі бұрмалану тәуекелдерін (қасақана әрекет немесе қателік нәтижесінде) анықтайды және бағалайды;
- осы тәуекелдерге жауап ретінде аудиттік рәсімдер әзірлейді және жүргізеді;
- аудит рәсімдерін әзірлеу мақсатында ішкі бақылау жүйесін қарайды;
- қолданылатын есеп саясатының сәйкестігін және бухгалтерлік бағалаулар мен АҚпаратты ашудың негізділігін бағалайды;
- компания қызметінің үздіксіздігі туралы басқарманың болжамының заңдылығын бағалайды;
- шоғырландырылған қаржылық есептіліктің құрылымын, мазмұнын, АҚпарат ашуын және операциялар мен оқиғалардың шынайы көрсетілуін бағалайды;
- компания бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікке қорытынды беру үшін жеткілікті және сәйкес аудиттік дәлелдер жинайды.
«KEGOC» АҚ Тобының қаржылық есептілігін аудиттеу бойынша қызметтерді көрсетуге аудиторлық ұйымды таңдау «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және оған тиесілі (тікелей немесе жанама) ұйымдар үшін 2022 жылғы 3 наурыздағы №193 шешіммен бекітілген Қағидаларға сәйкес жүргізілді.
Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасының кәсіби ұйымының мүшесі болып табылатын «RSM Qazaqstan» ЖШС тәуелсіз аудиторлық ұйымымен шарт жасалды. 2024 жылға қаржылық есептілікті аудиттеу қызметтері үшін сыйақы көлемі ҚҚС есебімен 45,855 млн теңгені құрады.
Тәуелсіздікті сақтау мақсатында және «KEGOC» АҚ-тың Сыртқы аудит саясатына сәйкес, бір аудиторлық ұйым бес жыл қатарынан аудит жүргізген жағдайда, аудит бойынша серіктес ауыстырылады. «RSM Qazaqstan» ЖШС «KEGOC» АҚ Тобының қаржылық есептілігін 2021 жылдан бастап аудиттен өткізіп келеді.
2024 жылы «RSM Qazaqstan» ЖШС «KEGOC» АҚ-қа аудиттік емес қызметтер көрсеткен жоқ.